«Жастар – ізгі қоғам айнасы»
13.02.2024ж күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, Ардагерлер кеңесі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің қатысуымен «Жастар – ізгі қоғам айнасы» атты рухани танымдық форум өткізді. Кездесуге Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Абайұлы, КМДБ Шымкент қаласының бас имамының бірінші орынбасары А.Мұсабек, жас ғалым, Абайтанушы И.Әзімхан, ҚР Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР құрметті заңгері Б.Тұрғараев, ҚМДБ Шымкент қаласы «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі С.Анарбаев пен студенттер қатысты.
Кездесуге келген қонақтар жастарға азаматтардың, әсіресе жастардың әлеуметтік-қоғамдық өмірге белсенді араласуы, ортақ мақсатқа қол жеткізу жолында күш біріктіруі – өркендеу мен өзгерістердің маңызды факторы. Форум делегаттары жастарды қоғамда дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, дініміз бен салтымыз тыйым салған жаман әдеттерден, хәкім Абай айтқан бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болуға үндеді. Өйткені өсек-өтірік айту, мақтаншақ, еріншек болу, бекер мал шашу- адам баласын аздыратын жаман әдеттер екенін жеткізді. «Отбасындағы бала тәрбиесіндегі әкенің ролі», «Дін мен дәстүр құндылығы», «Деструктивті діни ағымдардың қаупі, «Абай тағылымындағы жастар дүниесі» жайлы тақырыптарда сөз қозғап кеңінен ашып айтып берді.
Форум соңында қонақтар кез келген мемлекеттік жарқын болашағы мен кемелденуі жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім деңгейі ментәжірибесіне, еңбекқорлығына және елжандылығына тікелей байланысты. Сондықтан қазіргі таңда жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, жан жақты сауаттылығын арттырудың маңызы үлкен. Заманға сай білім алуды, дәстүрлі құндылықтарды сақтауды жадымыздан шығармауға шақырды. Студент жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты.