Заманауи фармация: білім берудегі жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер
Осындай атаумен «Астана медицина университетінде» ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, фарм.ғ.д., профессор Т.Ә.Арыстанованың 70 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Аталған форум аясында «Фармация» БББ бойынша Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Ташкент фармацевтикалық институты, Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (2 команда), Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Астана МУ (2 команда) және ОҚМА студенттері арасында халықаралық пәндік олимпиада ұйымдастырылды.
Біздің Академияның студенттері Рахманова Дилноза, Ян Катерина, Өсер Арайлым, Мәткәрім Әсел, Незванова Екатерина «Meta-Pharm» командасын құрып, «оқу, іздеу, табу және дамыту» девизімен қатысты. Мost effective tactics available ағылшын тілінен аударғанда – қолжетімді ең тиімді тактика дегенді білдіреді. Алдын-ала ойластырылған, өз қадамдарын ертерек ойлайтын мұндай тактика фармацевттерге ғана тән.
Командалық тур нәтижесі бойынша біздің команда 1 орынды иеленді, оған команданың 5 қатысушы барлық берілген пәндер бойынша өз үлестерін қосып, жоғары теориялық білімдерін ғана емес, тәжірибелік дағдыларын да көрсете білді. Жеке сынақта біздің студенттеріміз келесі нәтижелерді көрсетті: Рахманова Д. – 1-ші орын (фармацевтикалық химия), Мәткәрім А. – 2-ші орын (дәрілер технологиясы), Ян К. – 3-ші орын (токсикологиялық химия), Незванова К. – 3-ші орын (фармакогнозия). Капитандар байқауында 5 курс студенті Рахманова Дилноза барлық пәндер бойынша керемет білімі мен эрудициясын көрсетіп, 1-ші орынды иеленді.
Конференцияның екінші күні мерей той иесі, профессор Т.Ә.Арыстановаға арналып, пленарлы және секциялық мәжілістермен жалғасты. Біздің делегация мерей той иесін ұжымның және ОҚМА ректоры, профессор М.М.Рысбековтың атынан құттықтап, адресті папка мен естелік сувенир табыстады.
Пленарлы мәжілісте профессор С.К.Ордабаеваның «Дермене жусанның компоненттерін зерттеу» баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Секциялық мәжілісте Академияның студенттері, магистранттары және докторанттары баяндамалар жасады.
Олардың ішінде студенттер Д.Рахманова мен К.Янның «Жобалық оқыту аясында өсімдік текті нысандарды зерттеу» атты баяндамасы өзектілігі, жаңалығы, тәжірибелік маңызы, креативті презентациясы бойынша 1-ші жүлдені алды.
К. Незванованың (фармакогнозия кафедрасы) «Шалғынды мыңжапырақ шөбін тауарлық зерттеу» және докторант Ж.Мұсабековтың (фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы) «Амлодипиннің химия-токсикологиялық талдауындағы жоғары эффективті сұйықтық хроматография» атты баяндамалары қызықты болып, сәйкесінше 1 және 2-ші жүлделі орындарға лайық деп танылды.
Осылайша, білім алушылар біздің Академияны Чехия, Польша, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан өкілдерінің қатысуымен өткен ірі халықаралық форумда білім беру, ғылыми-зерттеу бағытында таныстырып, өздерінің жоғары білімдерін, кәсіби құзыреттіліктерін және ғалым-зерттеуші дағдыларын көрсете білді.
Халықаралық форум Европа, Ресей, Орта Азия елдерінің ғалымдары мен оқытушыларының, жас зерттеушілері мен студенттердінің басын қосты, ең жоғары жңгейде өтті, конференцияға қатысушылар пікірлерімен алмасып, білім беру және ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар денсаулық сақтау саласы бойынша бірлесіп жасайтын жоспарларын, жобаларын талқылады.