Заманауи фармация: білім берудегі жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қызметкерлері «Астана медицина университеті» КЕАҚ Фармация факультетінің 20 жылдығына арналған «Заманауи фармация: білім берудегі жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсенді қатысты. 
Пленарлық отырыста профессор Ордабаева С.Қ. «Интернационалдандыру - жоғары білім беруді дамыту факторы ретінде» атты баяндама жасады, онда кафедраның білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары аясындағы халықаралық ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті. Баяндама отандық және шетелдік әріптестер арасында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясымен ықтималды ынтымақтастық тұрғысынан қызығушылық тудырды.

Секциялық отырыста «Биологиялық белсенді зат 2,4,5-трибромо-имидазолды зерттеу» баяндамасы қызықты болды, онда профессор Ордабаева С.К. биологиялық белсенді қосылыстарды әзірлеу және стандарттау бойынша Башқұрт мемлекеттік медицина университетімен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Доцент Серікбаева А.Д. «Құзіретті мамандарды даярлаудағы заманауи оқыту технологиялары» баяндамасымен белсенді оқыту әдістерін енгізу тәжірибесімен бөлісті. Кафедрада енгізілген зерттеуге негізделген оқыту әдістері (RBL), кейс әдісінің бір түрі - нақты жағдайды талдау (НСТ, CBL) және т.б. аудиторияны ерекше қызықтырды.

Фармация факультетінің 5 курс студенті, студенттік ғылыми үйірменің мүшесі Төлеген Ж. «Биологиялық сұйықтықтан бөлінген неоникотиноидтарды хроматографиялау шарттарын оптимизациялау» тақырыбы бойынша химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижелерін баяндады, оның қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломға ұсынылды.

Конференция АҚШ, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстанның белгілі және жас ғалымдары, еуропалық білім беру орталықтарының, мемлекеттік органдардың және фармацевтикалық бизнес өкілдері үшін ғылым және білім беру салаларындағы өзекті мәселелер, дәрілік заттардың айналымы және жалпы денсаулық сақтау саласындағы реттеу процестерін талқылаған белсенді алаң болды. 

20.05.2022, 15:03
588 қаралым