Заманауи білім берудің қазақстандық және халықаралық машықтағы өндірістік тәжірибесі

2015 жылдың 2 қазанында фармацевтикалық және токсикологиялық химия (ФТХ), фармация ісін ұйымдастыру және басқару (ФІҰжәнеБ) кафедралары бірлесе отырып, ОҚМФА 3-4 курс студенттерінің өндірістік тәжірибелерінің қорытындылары бойынша «Заманауи білім берудің қазақстандық және халықаралық машықтағы өндірістік тәжірибесі» атты әдістемелік конференциясын өткізді.  

Конференция бағдарламасы практиканттар, өндірістік мекемедегі тәжірибе жетекшілері және Академияның профессор-оқытушылар құрамы өткен тәжірибе мақсаттарын, тапсырмаларын, процестерін және қорытындыларын талқылаудан тұрды.

616 1 1

ОҚМФА-ның даму және инновация бойынша проректоры Ахметова А.А. өзінің тілек-сөзінде болашақ мамандардың кәсіби құүзіреттілігін бекітуде өндірістік тәжірибенің маңызын атап өтті.

616 2 2

«Жалпы фармацевтикалық тәжірибе» оқу-өндірістік тәжірибесін (ФІҰжәнеБ кафедрасы) студенттер келесі базаларда өтті: «Башфармация» МУМ (Уфа, Россия), «Вива-Фарм» ЖШС (Алматы), «Зерде» ҒӨМ ЖШС (Шымкент). Тәжірибенің қорытындысын А. Сейілбек, Б. Мирсадыков (509 ФР «А») және А. Карбековалар баяндады (502 ФК «Б»).

616 3 3

Қарағанды қ. базаларында (ТОКА Фармация, «Аманат» ЖШС) өткен «Фармацияны ұйымдастыру» өндірістік тәжірибесін (ФІҰжәнеБ кафедрасы) А. Мирхаликов (407 ФР «А») қорытындылады.

«Сот-химиялық сараптама және аналитикалық диагностика» оқу-өндірістік тәжірибесін (ФТХ кафедрасы) келесі базаларда өткізді: «Сот медицина орталығы» РМҚК (Астана) және оның облыстық филиалдары (Алматы, Қарағанды, Шымкент); АМДЖИ ЖМЖА токсикологиялық бөлімшесі (Алматы); Т. Орынбаев атындағы ОГОО токсикологиялық бөлімшесі (Шымкент). Тәжірибе туралы қызықты, мазмұнды презентацияны У. Бедебай (502 ФК «Б») және А. Нұртаевалар (509 ФР «Б») баяндады.

616 4 4

М. Дуйсенова (501 ФК «А») және С. Байменовалар (507 ФР «А») ДЗСҰО (НЦЭЛС) сынақ орталықтары (Алматы) және оның аймақтық филиалдары (Астана, Қарағанды, Тараз, Шымкент), «Химфарм» «Santo member of Polpharma Group» АҚ (Шымкент) базаларында өткен «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесінің қорытындысы бойынша  баяндама жасады.

616 5 5

Академия студенттері серіктестік туралы Меморандумға сәйкес «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесін келесі шетел жоғары оқу орындарында өтті:  Ветеринарлық және фармацевтикалық ғылымдар университетінің фармацевтикалық химия кафедрасы (ВФҒУ, Брно, Чехия Республикасы); И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы (Москва); Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің фармацевтикалық химия кафедрасы ММУ) және  «Лекконтроль» (Уфа, Россия) сынақ зертханалары болды.

Студенттерді шетелдік базаларға таңдауда ағылшын тілін меңгерумен қатар, сабаққа үлгерімі, жауапкершілігі, ұйымдастырушылық қабілеті және коммуникативтілігі ескерілді. ВФҒУ-де өткен өндірістік тәжірибе туралы өздерінің ойларымен  А. Ермекова және А. Каримовалар (509 ФР «А») бөлісті. Башкирияда өндірістік тәжірибені өту туралы Е. Порохня (508 ФР «А») және К. Балаби (503ФК «А») баяндады.

616 6 6

Аудиторияны I МММУ базасында өткен өндірістік тәжірибе қорытындысын баяндаған А. Самарина (508 ФР «А»), А. Өтегенов және З. Тұрымбеттің (509 ФР «А») қорытынды есебі қызықтырды.

616 7 7

Студенттер тәжірибені өту кезінде дәрілік заттарды талдауда жоғары технологиялық құрылғылармен физикалық, химиялық, физика-химиялық әдістерді қолданып, өздерінің теориялық білімдерін көрсете отырып, тәжірибелік дағдыларын молайтты.

Алғаш рет академиялық ұтқырлық бағдарлама аясында Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Москва) және БММУ (Уфа) 4-курс студенттерін «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау» өндірістік тәжірибесін өту мақсатында қабылдады. Бұл жайлы ФТХ кафедарсының оқытушысы Данилина А. Я. баяндады.

Серіктес оқу орындарының кафедралары бірге жасаған оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес студенттер әртүрлі дәрілік түрлердің толық фармакопеялық талдауын жасады. Өздерінің практикалық дағдыларын «СФ-2000» спектрофотометрде (Россия), «PD-303S» (Япония), КФК-3 «30М3» фотометрде (Россия), «Sykam» маркалы жоғары эффективті сұйықтық хроматографта, биологиялық 3D «МТ 4000/МТ5000 Meiji Techno» маркалы микроскопта және т.б. қондырғыларда жоғарылатты.  

616 8 8

Студенттер өндірістік тәжірибені толық бағдарлама көлемінде орындап, оралған соң, өздерінің университеттерінің сайттарында және жергілікті басылымдарда жарияланған мақалаларда ойларымен бөлісті және тәжірибе жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын көрсетті. Сонымен қатар Академия кафедраларының зертханаларында заманауи жабдықтармен қамтылуы жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Конференцияға жұмыс берушілер де белсенді қатысты: ОҚО бойынша «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдардың Ассоциациясының директоры Х.Д. Альжанова, ҚР ӘМ «Сот медицина орталығы» РМҚК ОҚО филиалының эксперт-химигі Ж.Ш. Угланов, «Химфарм» «Santo member of Polpharma Group» АҚ персоналдарды оқыту бойынша маманы Д. Хамидуллина т.б.

616 9 9

Конференцияға 1-3 курс студенттері де шақырылды. Практиканттар баяндаған материалдар олар үшін жақсы стимул және практикалық дағдыларды қабылдау мен тамаша үлгерімдер көрсету үшін мотивация болды. 

616 10 10

Конференцияны фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасының меңгерушісі, профессор Шертаева К.Д. және фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор Ордабаева С.Қ. қорытындылады. Олар тәжірибені ұйымдастыруда туындайтын мәселелер, келесі оқу жылы тәжірибе базаларының санын көбейту туралы, т.б. ойларымен бөлісті.

Болашақ 2015-2016 оқу жылында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бойынша европалық және ресейлік серіктес ЖОО және еліміздің басқа да өндірістік фармацевтикалық базаларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

616 11 11

12.10.2015, 23:54
693 қаралым