Заманауи білім беру: оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тиімді оқыту әдістерін қолдану
2024 жылдың 03 мамырында "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы" АҚ-да «Заманауи білім беру: оқытудың соңғы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тиімді оқыту әдістерін қолдану» атты халықаралық қатысумен кезекті ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: Білікті мамандарды даярлаудың жоғары оқу орындарында оқу үдерістерін ұйымдастыру, заманауи білім беру технологиялары мен әдістерін қолдануының озық тәжірибесін зерделеу, қорыту және тарату.
Конференцияда ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендер: «ОҚМА» АҚ-ның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор М.У.Анартаева, м.ғ.к. К.А.Татжикова (М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Мәскеу қ., Ресей), м.ғ.д., доцент М.Н.Бадритдинова (Бұхара мемлекеттік медицина институты, Бұхара қ., Өзбекстан), Б.С.Бакоев (Абуали Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университеті, Душанбе қ., Тәжікстан).
Барлығы 67 баяндама ұсынылды, оның 8-і қашықтан.
Ұсынылған баяндамалар оқытудың инновациялық технологияларымен, оқытушылық қызметпен және педагогикалық шеберлікпен байланысты өзекті тақырыптарды қамтыды.
Пленарлық отырыс
Модератор: ОӘжТЖ бойынша проректоры, м.ғ.д. Анартаева Мария Уласбекқызы
8 баяндама ұсынылды, оның 1-і қашықтықтан (Ф.С.Бакоев Абуали Ибни Сино атындағы Тәжікстан мемлекеттік медицина университеті, Тәжікстан).
Пленарлық отырыстың баяндамалары:
1. «Инновационный подход в обучении: интеграция case-based learning с искусственным интеллектом». Бакоев Ф.С., ТГМУ им. Абуали ибни Сино. Таджикистан.
2. «Онлайн курстар - жоғары оқу орындарында білім алушыларды оқытудың инновациялық түрі ретінде» - Әбілова А.А.
3. «Реализация проектно-ориентированного обучения в рамках дисциплины «Введение в научные исследования»: опыт и результат» физ-мат.ғ.к., қауым. профессор Иванова М.Б
4. «Features of teaching foreign students using interactive educational technologies» - Абдраимова С.Е.
5. «Обучение по методу перевернутый класс» - Юсупова Ш.Д.
6. «Жобаға бағытталған оқыту – білім сапасын жоғарылату кепілі» - Полатбекова Ш.Т.
7. «Интеграциялық медициналық білім беру болашақ дәрігерлерді дайындаудағы жаңа тәсіл» Ордабекова А.Б.
8. «Реализация проектно-ориентированного обучения на кафедре «организация и управление фармацевтического дела» - Джабаркулова С.К.
Конференцияда 5 секция ұйымдастырылды:
Секция №1 «Фармация және фармацевтикалық өндіріс үшін кадрлар даярлаудағы перспективалық білім беру технологиялары»
Модератор: фарм.ғ.к., доцент Серикбaевa Aйгуль Джумадиллаевна
Секцияда 12 баяндама ұсынылды, оның 1-і қашықтықтан (д.фарм.н. О.И. Попова, Пятигорск медициналық фармацевтикалық институтынан, Ресей).
Секция №2 «Заманауи білім берудегі soft-skills дағдыларын қалыптастырудағы жалпы білім беру пәндерінің рөлі». Секцияда 11 баяндама жасалды. Модератор: PhD Нуржанбаева Жанат Оралбаевна
Секция №3 «Цифрлық білім беру ортасы: білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында жасанды интеллектті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және оқытудың инновациялық әдістері мен нысандарын қолдану. Жобаға бағытталған оқытуды енгізу тәжірибесі: ұйымдастырылудан іске асыруға дейін».
Модератор: физ-мат.ғ.к., қауым. профессор Иванова Марина Борисовна
Секцияда 9 баяндама ұсынылды, оның 1-і қашықтықтан (м.ғ.к. К.А.Татжикова, М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті, Мәскеу қ., Ресей)
Секция №4 «Заманауи білім беру моделі ретінде клиникалық оқытудың болашағы».
Модераторлар: м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна
Секцияда 13 баяндама ұсынылды, оның 2-і қашықтықтан (м.ғ.д., доцент Бадритдинова М.Н. и Рахматова Д.Б. (Бұхара мемлекеттік медицинаинституты, Бұхара қ., Өзбекстан).
Секция №5 ЖОО-да интеграцияланған білім беруді енгізу тәжірибесі: білім алушылар мен оқытушылардың көзқарастары». 14 баяндама жасалды. Модератор: Калменов Нурлан Джуманович
Ғылыми-әдістемелік конференция жұмысының қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.
►Конференция материалдары жинақта жарық көрді
Конференцияның үздік баяндамашылары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.