«Жалпы тәжірбелі дәрігер – 1» кафедрасының Стандартталған пациент әдісін қолдану арқылы өткізген ашық сабағы

27-қазан 2023 жылы сағат 10:00 ОҚМА-ның тәжірибелік дағдылар орталығында «Жалпы тәжірбиелі дәрігер -1» кафедрасының ассистенті
Г.Ш. Баймакова ЖМҚБ-03-19 тобымен бірлесіп «Иммунопрофилактика» тақырыбында стандартталған пациент әдісімен ашық сабағы өткізді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Г.М.Датқаева, ОӘБ әдіскері Б.М.Рашева, Г.Алдабергенова,ТДО нұсқаушылары Г.С.Омарова, А.А. Сейтбекова қатысты.

Сабақтың мақсаты:бүгінгі таңда жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу - бұл патологияның пайда болуының алдын алудың немесе шектеудің ең тиімді және қауіпсіз әдісі.
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы - профилактикалық егулер жүргізу арқылы жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау, шектеу және жою мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.
СП көмегімен клиникалық тапсырмаларды орындау оқу бағдарламасына енгізілген және медициналық көмек көрсетуді модельдеу және практикалық дағдыларды көрсету түрінде өтеді.
Студенттер СП клиникалық сценарийін көрсету барысында: Жалпы тәжірибелі дәрігердің қабылдауына келген нәрестенің анасынан анамнез жинауын, нәрестені жалпы қарауын (тері түсін, май қабаттарының дамуын, лимфа бездерінің мөлшерін, жасына сай нәрестедегі рефлекcтерді тексеру), нәрестеге антропометриялық тексеру жүргізуін (бойын,салмағын,бас және кеуде мөлшерін анықтау) және егу бөлмесінде қолды жуу техникасын, ине салу техникасын , сонымен қатар, қажетті құжаттарды толтыруды көрсету кезінде білім алушылардың іс-қимыл алгоритмін түсіндіруге және толықтай меңгеруге мүмкіндік береді.
Сабақ соңында кафедра меңгерушісі Г.М.Датқаева: Қазақстан Республикасында иммунопрофилактика проблемасының өзектілігін атап өтті. Сабақ тақырыбының көлемінде студенттер, оқу әдістемелік бөлімнің әдіскері Б.М.Рашева,ТДО нұсқаушы дәрігері Г.С.Омарова өз пікірлерімен бөлісіп, өткізілген ашық сабаққа баға берді.
Стандартталған пациент клиникалық сценарий әдісі, сонымен қатар білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді және қазіргі заманғы медициналық білім берудің маңызды міндеті болып табылатын оқу-әдістемелік процесті оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Ашық сабақ барысында ЖМҚБ-03-19 топ студенттері белсенді қатысып,тақырыпты аша білді. Қатысушылардың барлығы ашық сабақты ұйымдастыруда дайындықтың жоғары әдістемелык деңгейін және СП қолдану арқылы клиникалық сценарийлерді жүргізуде коммуникативтік және практикалық дағдыларды көрсетудің тамаша деңгейін атап өтті.

28.12.2023, 10:18
390 қаралым