Қызылшаның алдын алуы

Шымкент қаласында қызылша жұқпасының кең таралуына байланысты 2019 жылдың 30 қаңтар күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректор Б.Қ.Нұрмашев, Әл-Фараби аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау, балалар мен жасөспірімдер бөлімінің бас мамандары Р.С. Агайдарова, А.К. Монтаева, сонымен қатар жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер-инфекционист Л.Е. Апсаттарова, резидент-инфекционисттер С.К. Шалабаев пен С.К. Ажиханның қатысуымен «Қызылша ауруының алдын алу» тақырыбында Индиядан келген «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді. Ақпараттық түсіндірме жұмысы кезінде қызылша ауруының этиологиясы, эпидемиологиясы және алдын алу шаралары қарастырылды. Санитарлық-ағарту жұмысы дәрігер-эпидемиолог Л.О. Байконсованың ағылшын тілінде дәріс оқуымен, жұқпалы аурулар және дерматовенерологиялық кафедрасының қызметкерлері кері байланыс өткізу арқылы жүргізілді.

1307 1 1

1307 1 2

1307 2 1

1307 2 2

12.02.2019, 23:28
333 қаралым