Қызылша – басқарылатын жұқпа

1302 1

Қазақстан Республикасы және Шымкент қаласы бойынша қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы Қалалық денсаулық сақтау басқармасымен және қоғамдық денсаулық сақтау Департаментімен бірге Шымкент қаласы бойынша жоғары және орта оқу орындарында үлкен түсіндірмелі, санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2019 жылдың 26 қаңтар – 5 ақпан аралығында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы мына жұмыстарды атқарды: Альфараби, Еңбекші, Қаратау және Абай аудандарының қоғамдық денсаулық сақтау Департаменттерімен бірге дәрістің жоспары құрылды. Лекторлық топ жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының мұғалімдер құрамы мен 1-ші және 2-ші оқу жылының резиденттерінен құрылды; қызылшаның алдын алу сұрақтары бойынша авторлық видеоролик түсірілді.

1302 2

1302 3

Жоспарға сәйкес мына оқу орындарында дәріс оқылды: Оңтүстік – Қазақстан медицина академиясы, М.Ауезов атындағы Оңтүстік – Қазақстан мемлекеттік университеті, М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік – Қазақстан гуманитарлық институты, Оңтүстік – Қазақстан Жоғарғы педагогикалық колледжі, Шымкент медколледжі, Жаңа технолгиялық Жоғарғы колледжі, Оңтүстік – Қазақстан политехникалық колледжі, Оңтүстік – Қазақстан құрылыс колледжі және басқа да көптеген оқу орындары.

1302 4

Барлығы 36 дәріс оқылды. Оқу орындарында жұмыстар жалғасуда. Резиденттердің лекторлық топтарда жұмыс жасауы олардың кәсіптік деңгейлерін айтарлықтай жоғарылатады.

1302 5

 

05.02.2019, 04:28
357 қаралым