Юлиу Хатиегану медицина және фармация университетіне қызметкерлердің ұтқырлығы
2022 жылғы 16-20 мамыр аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармация факультетінің қызметкерлері: фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі Тоқсанбаева Ж.С. және фармация факультеті декан орынбасары, фармакогнозия кафедрасының доцент м.а. Козыкеева Р.А. Эразмус+ КА 107 бағдарламасы аясында Румынияның Клуж-Напока қаласында, Юлиу Хатиегану медицина және фармация университетінде болып қайтты.
Ұтқырлықтың жалпы мақсаты - серіктес ЖОО тәжірибесі мен озық практикасында оқыту, кәсіби тәжірибемен алмасу және фармацевтикалық ғылымдар саласында дағдыларды дамыту, мекемелер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін қабылдаушы оқу орнымен, оның ПОҚ-мен байланыстарды нығайту.
Қызметтік іссапар барысында университет кампусына, фармакология, фармацевтикалық ботаника, фармакогнозия, аналитикалық химия, токсикология, косметология және дерматология зертханаларына барды. Биобазаның жұмысымен және виварий жағдайында жануарларды күтумен танысты, ботаникалық баққа және сирек кездесетін және шетелдік өсімдіктердің гербарийлерінің мұражайына экскурсия жасады, фармацевтикалық ботаника, молекулярлық генетика және гендік инженерия, фармакогнозия пәндері бойынша оқу бағдарламасының аспектілерін және оқу процесінің қойылымын бақылады. Бағдарламаны орындау кезеңінде Тоқсанбаева Ж.С. дәріс оқыды, ал Козыкеева Р.А. фармакогнозия бойынша практикалық сабақ өткізді.
Сапар қорытындысы бойынша әр түрлі деңгейдегі студенттермен алмасу туралы алдын-ала уағдаластыққа қол жеткізілді және фитопрепараттарды әзірлеу, фитохимиялық және клиникаға дейінгі зерттеу саласындағы одан әрі ғылыми ынтымақтастықтың перспективалары белгіленді.