ЫНТЫМАҚ БАЗАСЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

2024 жылдың 17 -28 маусым аралығында «Фармация» білім беру бағдарламасының 3 курс және 2 курс қысқартылған «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері Ынтымақ базасында «Фармакогнозия» пәні бойынша өндірістік практикадан өтті.

Өндірістік практиканың негізгі мақсаты - студенттердің дәріс-практикалық сабақ барысында алған теориялық білімдерін бекіту және жетілдіру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молайтуды ескере отырып, дәрілік өсімдік шикізатын өсіру, дайындау мәселелері бойынша дағдылар мен практикалық дағдыларды игеру, дәрілік өсімдіктерді өсірудің негізгі әдістерін игеру.

Білім алушылар бірінші күннен бастап практиканың мақсатымен, жоспарымен және техника қауіпсіздік ережесімен танысты.

Практика барысында білім алушылар культивациялау, GACP бойынша жинау және культивациялаудың тиісті практикасының принциптеріне сәйкес дәрілік өсімдіктерді күтіп баптау жолдарын меңгерді.

Білім алушылар практика барысында Ынтымақ базасындағы дәрілік өсімдік түрлерімен танысып, дәрілік өсімдіктердің флористикалық тізімін құрды. Жиналған дәрілік өсімдік шикізаттарынан гербаризациялау, кептіру, сақтау бойынша теориялық білімдерін практикамен ұштастырды.

05.07.2024, 14:58
782 қаралым