Ғылыми зерттеулердің сенімді және объективті нәтижелерін алу үшін жасалған тағы бір қадам
Заманауи фармацевтикалық ғылымның өзекті міндеттерінің бірі:
· қауіпсіздік пен сапаны бақылау: синтетикалық субстанциялар мен табиғи шикізаттардың, белсенді фармацевтикалық ингредиенттердің, қосымша заттардың, дайын дәрілік түрлердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау;
· технологиялық үдерістерді өндірісішілік және операция аралық бақылау;
· жаңа дәрі-дәрмектерді жасау және олардың талдау әдістерін өңдеу;
· фармакокинетиканы оқыту;
· технологиялық үдерісте қолданылатын су сапасын бағалау;
· бұрмалау фактілерін анықтау болып табылады.
Бұл мәселелерді шешу үшін заманауи, сенімді және үнемді талдау әдістерінің ішінде кең таралған аспаптық әдістер қажет. Оны Қазақстан Республикасы мемлекеттік фармакопеясындағы көптеген фармакопеялық мақалаларда осындай әдістердің пайда болуымен түсіндіруге болады.
ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына «Люмэкс» компаниясының (Ресей) Инфрақызыл Фурье-спектрометр «ИнфраЛЮМ ФТ-08» приборы алынды. Өндіруші мекеме өкілі, инженер-химик Е.В. Горелкин кафедра қызметкерлеріне үйрену семинар-практикумын өткізді.
Аталған құралды пайдалану дәрілік заттар сапасын бақылау және токсиканттарды химия және токсикологиялық талдау саласындағы ғылыми зерттеулер аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кафедра ұжымы академия басшылығына осындай заманауи жоғары технологиялық қондырғымен жабдықтағаны үшін зор алғыс білдіреді.