ҒЫЛЫМ МЕН ТӘЖІРИБЕ – АДАМЗАТ ҚЫЗМЕТІНЕ

Екі күн көлемінде Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан ғылыми қоғамдастығы  Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы  аясында ұйымдастырған «Заманауи фармация мен  медицинадағы инновациялық жетістіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық  конференцияға қатысты.

765 1

Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясының  іргесінде көктем маусымында жылдың бұл ең ауқымды іс-шарасын өткізу дәстүрге айналуда.  Конференция модераторы– проректор, м.ғ.д. М.У.Анартаева.

Баяндама жасағандардың - Ташкент медициналық-педиатриялық  институтының докторанты  К.Т.Мирзаахмедова (Узбекистан), Пятигорск медициналық - фармацевтикалық институты директорының орынбасары, фарм.ғ.д., профессор Д.А.Коновалов (Ресей), Яссауи атындағы ХҚТУ  Шымкент медициналық институтының директоры  м.ғ.д., профессор Р.С.Бектурганов,  Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф. С.У.Каменова, Марат Оспанов атындағы  Батыс-Қазақстан мемлекеттік медуниверситеттің  кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., проф.Г.Б.Кабрахманова және басқалардың - айтып өтуінше, тәжірибеге тұрғындардың денсаулығын сақтауға бағытталған инновацияларды, жаңа жетістіктерді енгізу өте маңызды.

765 2

Мемлекет басшылары құрған экономикадағы бірлесу конференция қатысушыларына жақындасуға, байырғы кеңес мемлекеттері аумағында өсетін жаңа дәрілік препараттарды құруда, олардың қасиеттері, қауіпсіздігі және тиімділігін зерттеуде күштерін бірлестіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекістан, Қырғыстанның түпкір-түпкірінен келесі кафедралардан: Пятигорск медициналық - фармацевтикалық институтының фармакогнозия және дәрілер технологиясы кафедрасы, Башқұрт мемлекеттік медициналық университетінің аналитикалық және токсикологиялық химия курсымен фармацевтикалық химия, фармакология кафедралары, Ташкент медициналық-педиатриялық  институтының фармакология және физиология кафедрасы, Қазақстан Республикасының ДСӘД Ұлттық сараптау орталығының бөлімдерінен, Өзбекстан Республикасы ҒА академик С.Ю.Юнусов атындағы Өсімдік заттар химия институтынан, А.Алиев атындағы Әзербайжан мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтынан, Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінен,  Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмірхимия институтының биологиялық белсенді заттар синтезі лабораториясынан, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің инженерлік саладағы  ЯМР-спектроскопия лабораториясынан, Яссауи атындағы ХҚТУ-дан,  Астана мемлекеттік медициналық университеттің, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ,  Қазақ мемлекеттік үздіксіз білім медициналық институты кафедраларынан 200-ден астам мақала мен тезистер түсті.

765 3

Конференцияның екінші күні ОҚМФА неврология, психиатрия және психология кафедрасының мерейтойына арналды, ол кафедраның іргесі қаланғаннан м.ғ.д., проф. Г.А.Дущанова басқарып келеді. «Нерв жүйесі ауруларын диагностикалау және емдеудің өзекті мәселелері» атты секцияның жұмысы «Rixoc-Khadisa Shymkent» мейрамханасында өтті, оны ғылыми-клиникаллық жұмыстар бойынша проректор Б.К.Нурмашев жүргізді. Дәрігер-неврологтар жүрек-тамыр қауіп факторы бар науқастардың когнитивтік бұзылыстарын, транзиторлық ишемиялық шабуылдар, жайылма склероздың дифференциалды диагностикасын, инсульттерді талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша екі томды жинақ басылып шықты. Халықаралық конференцияның барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.

Р.ШАЙМЕРДЕНОВА.

27.04.2016, 05:20
528 қаралым