«Ғылым күніне» орай ұйымдастырған ғылыми семинар

 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, Фармакогнозия және химия кафедрасы «Ғылым күніне» орай  10 сәуір   2018 жылы   «Оңтүстік Қазақстан флорасында өсетін, халық медицинасында қолданылатын дәрілік өсімдіктер» тақырыбында  ғылыми семинар өткізді.

 

Ғылыми семинарға қонақтар шақырылды: Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылық ғылыми зерттеу институты, жайылым және мал азықтық дақылдар бөлімінің меңгерушісі б.ғ.к. Ибрагимов Т.С., Халықтар Достығы Қазақстан инжинерлік-педагогикалық университетінің биология және химия кафедрасының меңгерушісі Ташкараев Р.А., ОҚМА  фармакология, фармакотерапия  және  клиникалық фармакология кафедрасының профессоры  Орманов Н.Ж. Сонымен қатар ұйымдастыру және басқару, дәрілік заттар технологиясы, фармакология, фармакотерапия  және  клиникалық фармакология кафедрасының оқытушылары  қатысты.

Фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі х.ғ.д., профессор  Ә.Қ.Патсаев  алғы сөз айтты.

Семинарда баяндамашыларға сұрақтар қойылды.

Ғылыми  семинар соңында фуршет ұйымдастырылды.

1112 1 2

Фармакогнозия және химия кафедрасының меңгерушісі х.ғ.д., профессор  Ә.Қ.Патсаев  және ғылыми семинар қонақтары.

1112 2 2

«Фармация» мамандығы 2-ші жыл магистранты  Ж.Кенжебаев баяндама жасау кезінде.

16.04.2018, 07:33
397 қаралым