«Ы.Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» атты әдеби сазды кеш

2021 жылдың 11 қазан күні академияның үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселер және жастар саясаты басқармасы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің туылғанына 180 жыл толуына орай «Ы.Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке академияның студенттері мен Түркістан облыстық балалар кітапханасының Инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Сабденкулова Асия Досыбекқызы мен Мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Көшербаева Ұлданай Құттыбайқызы, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысып, рухани байып, ерекше әсер алғандықтары туралы пікір білдірді.

Іс-шара барысында Ұлт ұстазының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалды. «Асыл шөп», «Әке мен бала» әңгімелерінен көріністер қойылып, өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқылды.

Кешке ат салысқан академияның белсенді студенттерін Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқарамасының басшысы Е.Сәлім алғыс хатпен марапаттады.

12.10.2021, 19:06
488 қаралым