«Химия пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану аспектілері» Әдістемелік семинар
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы АҚ-на қарасты «Химиялық пәндер» кафедрасында 2024 жылдың 15 сәуір айында жоспарға сәйкес «Химия пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану аспектілері» атты әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға кафедраның профессор оқытушылар құрамы, «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша комитеттің төрайымы фарм.ғ.к., профессор м.а.Тоқсанбаева Ж.С. және ішкі сапаны қамтамасыз ету комиссияның төрайымы фарм.ғ.к., доцент Серікбаева А.Ж., Оқу әдістемелік басқарманың өкілдері, «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру комитеттерінің мүшелері, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ профессоры Шитыбаев С.А. және т.б қатысты.
Семинар барысында кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша келесі тақырыптар аясында баяндамалар жасалды: Ортай С.Б. Медициналық ЖОО химия пәнін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігін зерттеу», ғылыми жетекшісі х.ғ.к., профессор м.а. Дауренбекова Қ.Н.; Құлбаева М.С. «Химия пәнін оқытуда белсенді оқыту әдістерін қолдану», ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент м.а. Туребекова Г.А.; Катчанова А.Б. «Орта кәсіптік білім беру оқу орындарында Аналитикалық химия пәнін оқытуда диалогтық оқыту технологиясын қолдану» ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент м.а. Дильдабекова Л.А.
Іс- шара соңы семинарға қатысушылар арасында қызу жарыссөздер мен пікірталастармен жалғасты.