«Харассмент. Құқықтық аспектілер және оның алдын алу шаралары» атты дөңгелек үстел

2024 жылдың 26 қараша күні ОҚМА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы М.М. Маликовтың ұйымдастырумен «Харассмент. Құқықтық аспектілер және оның алдын алу шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел мақсаты- студенттерді өзін-өзі басқаруға, азаматтық жауапкершілікке үйрету.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Ибраимова Ақмарал Жамаловна және оқытушы әрі психолог маман Ақбаян Әлішқызы және «Парасат» үйірме мүшелері ВМ-СҚБ-01-24А1/А2 тобымен ұйымдастырылған жоспар арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттер туралы ақпараттар айтылды.
Харассмент деген не?
«Харассмент» термині ағылшын тіліндегі harassment сөзінен шыққан. Харассмент дегенде көпшілік басшылықтың қол астындағы қызметкеріне жыныстық қысым жасауын түсінеді. Бірақ оның аясы кең, басқа да сипаттары бар. Тұлғаның жеке шекарасын бұзатын кемсітушіліктің кез келген түрі харассментке жатады. Ол жынысына байланысты әзіл, намысын таптайтын сөз. Жұмыс орнында, автобуста, кафеде, кез келген қоғамдық орында болуы мүмкін. Адамның қалауынсыз жасалған қол тигізу, жанасу, дөрекі сөз айтуды харассмент ретінде қарастырып, шағымдануға болады. Харассмент тек жыныстық қудалау ғана емес. Әртүрлі жолдармен адамның жеке шекарасының бұзылуы. Харассмент дөрекі сөздер, мессенджерлердегі ұятсыз хабарламалар, себепсіз қоңыраулар мен жанасулар болуы мүмкін. Дөңгелек үстелде нәсілдік, діни, жыныстық ерекшелігіне байланысты төмендету, кемсітуді де айтуға болатындығы туралы өте көптеген пайдалы ақпараттар айтылды.

29.11.2024, 19:29
111 қаралым