World skills өңірлік чемпионатының есебі
17.04 -21.04.2023 ж. күндер аралығында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша Шымкент қаласының білім беру басқармасының бұйрығымен «World skills Shymkent-2023» өңірлік чемпионаты өтті. «World skills Shymkent-2023» өңірлік чемпионаты Шымкент қаласының медицина колледждері арасында «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру мақсатында өткізілді.
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің атынан «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 2 курс С-МІҚБ-11-02-21 тобының білім алушысы Ибрагимова Зухра Сабиржановна қатысты. Білім алушыны «Мейіргер ісі» кафедрасының оқытушысы Әбдіғани Алтынай Нұрбекқызы дайындап, чемпионатта ол эксперттер қатарына қосылды.
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша «World skills Shymkent-2023» өңірлік чемпионаты 3 модульде өтті:
Модуль А. Аурухана жағдайында отадан кейінгі науқасқа күтім жүргізу.
Модуль В. Күндізгі стационар жағдайында бронхиалды астмасы бар науқасқа кеңес жүргізу.
Модуль С. Үй жағдайында онкологиясы бар науқасқа патронаж жүргізу.
Модульдерде берілген тапсырмалар бойынша, конкурсанттар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын көрсетті, эксперттер чек-лист бойынша бағалап, нәтижесін шығарды.
Студент Ибрагимова Зухра Сабиржановна 3 орынды иеленіп, қола жүлдегер атанды.