«Вопросы Доказательной медицины: от теории к практике» cеминары
22.04.2019 жылы Оңтүстік Қазақстан медициналық академияның Дәлелді медицина бөлімінде Стоматология кафедрасымен бірге «Вопросы доказательной медицины: от теории к практике» тақырыбында семинар өтті, бұл іс-шараның спикеры м.ғ.д. , денсаулық сақтау магистрі, Израильдің Иерусалим мемлекеттік университетінің мектебі өкілі доктор Александр Хаимов болды.
Семинардың жұмысына Оңтүстік Қазақстан медициналық академияның клиникалық кафедралардың оқытушылары, магистранттар, резиденттер қатысты.
Семинар тыңдаушылары Дәлелді медицинаның құралдары бойынша соңғы халықаралық мәліметтермен, израильдік дәрігерлердің Дәлелді медицина принципімен жұмыс тәжірибесімен, науқасқа бағдарланған технологиялармен, клиникалық аудит, зерттеулердің критикалық талдауы және бағалауымен, клиникалық сұрақты дұрыс тұжырымдаумен, медициналық араласуға қатысты шешім қабылдаудың негіздемесімен танысты.
Семинар интерактивті, шығармашылық атмосферада, аудиторияның дискуссия және сұрақ-жауаптарымен өтті. Болашақта Иерусалим медициналық университеттің Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясымен ынтымақтастығына перспективалар анықталды.