VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ «ТАБИҒИ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» ОТЫРЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

2021 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында қашықтан және дәстүрлі форматта «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің VIII халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция ұйымдастырушысы Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңесі «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ. Конференция ТМД және жақын шет елдерінің жоғары оқу орындарынан оң пікір алды.

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінен инженерлік пәндер кафедрасының доценті, PhD Жаппаркулова Қарлығаш Алтынбековна «Медицинада Бунге киікотының қолдану перспективалары» тақырыбында пленарлық мәжіліске шықты. Баяндаманың құндылығына қарай ұйымдастырушылар қатысушыны диплом мен естелік сыйлықпен марапаттады.
Фармакогнозия кафедрасының ПОҚ «Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары» секциялық отырысының жұмысын атқарды. Секцияға жетекші оқу орындарынан 52 ғылыми мақала және тезистер түсті: Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекістан.
Конференцияға ҚР ЖОО және ЖОО-серіктестері ПМФИ(Пятигорск, РФ), БММУ(Уфа, РФ), ТашФармИ(Ташкент, ӨзбР), НФау(Харьков, Украина), КММУ(Курск, РФ), НММУ(Новосибирск, РФ), И.К.Ахунбаев атындағы ҚырғММА (Бишкек, Кыргызская Республика) және т.б. үміт артатын жас ғалымдар қатысты.
Секциялық отырыста «Фитохимик» ғылыми ұйымының студенттері, магистранттары, докторанттары, фармацевтикалық ғылымның актуальды сұрақтары бойынша ЖОО-серіктестері жұмыстарын көрсетті.

Студенттер баяндамаларының мазмұндылығына және құндылығына қарай тыңдаушылар арасында өте қызу пікірталас болды. Қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өте жоғары деңгейде көрсетті, фармацияның өзекті сұрақтарын қарастырды, сұрақтарға жауап бере отырып тыңдаушылар аудиториясымен жақсы кері байланыс орнатты. Конференцияның жетістіктері ғылымның жаңа көздерін ашуға түрткі болары сөзсіз.

Конференцияның барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды.
«Табиғи дәрілік заттар және оларды қолдану перспективалары» секция отырысында баяндама жасаған студенттер, магистранттар, аспиранттаржәне докторанттар арасына жүлделі орынға келесі қатысушылар ие болды және құрмет дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді:
1) Жас ғалымның ең үздік жұмысы – Аскаров Акмалжон Нодирбек угли, Ташкент фармацевтикалық институтының жас ғалымы, Ташкент қ., Өзбекістан Республикасы.
2) Студенттің ең үздік жұмысы – Аңдасбек Айгерим Асылханқызы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының фармацевтикалық факультетінің 3 курс студенті.
Фармацияның маңызды аспектілерін қарастыруға және өз ойларын айтуға мүмкіндік берген үшін конференция қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Конференция өте жоғары деңгейде өтті, ғылымнан нәр алуға көмектесті.

14.12.2021, 23:43
445 қаралым