«Вакцинацияға: ИӘ немесе ЖОҚ» тақырыбындағы дебат
ОҚМА «Жалпы тәжірбиелі дәрігер-2» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен №1 қалалық емхананың клиникалық базасында «Вакцинацияға: ИӘ немесе ЖОҚ» тақырыбында дебат әдісі бойынша дөңгелек стол ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға №1 қалалық емхананың бас дәрігері М.А. Бейсеуов, ОӘО басқарма басшысы ф.ғ.к. доцент А.Г. Ибрагимова интернатураның декан орынбасары м.ғ.к. Р.Е. Баймедетов қатысты.
Мәселені талқылауға ЖТД 7 курс дәрігер-интерндерімен бірге №1 емхананың практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері мен жұқпалы аурулар, дерматовенерология кафедрасының резиденттері қатысты. Олар талқылауға арналған сұрақтар дайындады; вакцинацияның пайда болу тарихы, вакцинация бойынша нормативтік-құқықтық актілер, балалардағы вакцинациядан бас тарту структурасы, дін және тұрғындардың көзқарасы.
ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. и.о профессор Г.Н. Досыбаева талқылауға алынған тақырыптың маңыздылығы мен ҚР халқының вакцинация ерекшеліктерімен таныстырды. «Бүгінгі дискуссия барысында біз сіздердің қатысуларыңызбен вакцинация туралы пікірлерді әр түрлі қырынан талдап, оның халық денсаулығын сақтауда маңызды құрал екендігін түсіндіріп, талқылауды жоспарладық. Әр түрлі тұрғындар арасында вакцинация жүргізуге сенімсіздіктің белгілі бір деңгейі тіркелген. ДДҰ мәліметтер бойынша адамдардың өмір сапасына маңызды әсер ететін екі фактор – вакцинация және таза ауыз суы. Соңғы 150 жылда өмір сүру ұзақтығы 30 жылға артқан, оның ішінде 25 жыл – вакцинацияның арқасында. Жыл сайын елде жұқпалы ауруларға қарсы бес миллионнан астам егіледі, оның ішінде 1,3 миллион - балалар. Сонымен қатар аз көлемде вакцинациядан бас тарту деңгейі де артып келеді, осы жылы екі мыңнан астам адам вакцинация алудан бас тартқан. Жалпы барлық бас тартушылар саны мың адамнан асады. Егудің халықтық күнтізбесі ДДҰ-ның барлық ұсыныстарына сәйкес келеді. Вакцинациядан бас тартулардың болуы, халық арасындағы түсіндірме жұмыстарын белсендендіру қажеттігін және азаматтардың денсаулық үшін солидарлы жауапкершілігін құрастыру маңыздылығын көрсетеді».
ЖТД интерн топтары (712,713,714,718,719,720,725,726) 2 топшаға бөлінді: вакцинацияға ИӘ және ЖОҚ. Топшалар арасындағы дебат үлкен қызығушылықпен өтіп, көптеген қызықты факторлар айтылды. Тыңдаушылар қызығушылықпен дебатқа араласып, сұрақтар қойды, вакцинацияны қолдап, тұжырымдарын қосты. Резидент-инфекционисттер және №1 емхананың иммунолог, эпидемиолог дәрігерлері белсенді қатысты.
Дөңгелек столға қатысушылар өткізілген дебаттан үлкен әсер алып, нәтижесінде вакцинацияның қажеттілігін бір ауыздан қолдап, ауруды емдегенше, алдын алудың дұрыстығын тұжырымдады.
Өткізілген дөңгелек стол интерндердің практикалық вакцинацияға қатысты білімдерін арттырып, халық арасындағы санитарлы-ағарту жұмыстарын өткізуге дайындықты шыңдады.