“Вакцинация–все за!?”

№5 қалалық емханада 05.04.2022ж күні «Вакцинацияға келісім» тақырыбында дөңгелек үстел жүргізілген болатын. ДДСҰ бойынша халықтың жағдайын жақсартуға арналған екі факторды қарастырады: вакцинация және таза тұтынатын су. Соңғы 150 жылда өмір сүру ұзақтығы 30 жылға ұзарған, оның 25-і осы вакцинацияның арқасында.
Дөңгелек үстелді «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ «Жалпы тәжірибелік дәрігер – 2» кафедрасы кафедра меңгерушісі м.ғ.к., м.а. профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы жүргізген болатын. Пікірсайысқа 613, 614, 623, 631, 632 топтағы жалпы тәжірибелік дәрігер интерндері, «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» бөлімшесінің ассистенттері және №5 қалалық емхана қызметкерлері қатысты.
Модератор ретінде кафедраның ассистенті, Шымкент қалалық «Primary Health Care» төрайымы Н.А. Кулбаева Гүлнар Жомартқызы сөз сөйледі. Рөлдер келесідей бөлінді – вакцинацияны қолдайтындар (ваксерлер) - ГП 613 тобының интерндері, вакцинацияға «қарсы» (ваксерлер) жалпы тәжірибелік дәрігерлер 623 тобының интерндері болды.
Дөңгелек үстел қонақтары Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының бас иммунологы – Кужелева Алевтина Александровна, ОҚМА «Жұқпалы аурулар және тері-венерология» кафедрасының ассистенті Алиев Даулет Сабирович, қалалық емхананың балалар аурулары бөлімінің меңгерушіс №5 Ереджепова Гүлжанат Махатқызы.
Пікірсайыстың мақсаты – дәрігер-интерндер арасында вакцинация мәселелері бойынша коммуникация дағдыларын және сенімін арттыру.

«Вакцинация деген не, вакцина түрлері. Көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері, оның асқыныстары» сияқты тақырыптар талқыланды.
Құқықтық база: вакцинация туралы бұйрықтар мен ережелер, оның тасымалдануы және сақталуы туралы пікірлермен бөлісті.
Пікірталас барысында вакцинация жөніндегі ойлар талқыланды, халықтың денсаулығын жақсартуға негізделген негізгі құрал ретінде қарастырылады.

Вакцинацияға қарсылар- жалпы тәжірибелік дәрігер интерндер-антиваксерлер: «вакцинациядан кейінгі асықынулар, медициналық қызметкерлерге деген сенімнің болмауы, халық вакцинацияның пайдасы туралы мәліметтерді білмеуі» сияқты тақырыптарды қозғады. Бұл мәселелер халықтың вакцинаға қарсы болуының негізгі себебі екенін көрсетті.
Қалалық денсаулық сақтау ісінің иммунологиялық негізгі маман Кужелева А.А жалпы тәжірибелік дәрігер интерндерге вакцинацияеың барлық қарсы көрсеткіштері, маңызы және халықтың сенімін арттыру туралы барлық сұрақтарға жауап берді

Пікірталас барысында жалпы тәжірибелік дәрігерлермен бірге жалпы вакцинация туралы пікірлермен алмасқан болатын. Халықтың денсаулығы үшін ең негізгі құралы ретінде вакцинация деп қарастырған болатын. Вакцинация қабылдауға қарсы халықтың сенімінің жоқтығы басты мәселе ретінде қарастырылады. Жалпы дөңгелек үстел қатысушылары вакцинация қабылдау кезіндегі көптеген мәселелерді қарастырды.
Дөңгелек үстелде интерндер практикалық денсаулық сақтау мамандарымен вакцинация мәселесін талқылауға мүмкіндік алды, иммунологтар, инфекционистер, педиатрлар және дәрігер-интерндердің белгілі бір интеграциясына қол жеткізілді, олар халықпен сендіру және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мәселенің кілті жағдайды терең зерттеу, жалпыға ортақ келісімге келу, халықты екпенің пайдасы туралы кеңінен ақпараттандыруда және ЖТД интерндерінің қарым-қатынас және сендіру әдістерін арттыруда жатыр.

14.04.2022, 12:23
456 қаралым