V Бүкілресейлік студенттік фармацевтикалық олимпиада: көшбасшыны айқындау уақытысы

Бүкілресейлік Студенттік Фармацевтикалық Олимпиада – «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттердің білім деңгейі және дайындығы бағаланатын, медициналық және фармацевтикалық, сондай – ақ технологиялық оқу орындарынан келген студенттердің бетпе – бет сайысқа түсу жүйесі және байқау негізінде жеңімпаз анықталады. 

2017 жылдың 29 қаңтарынан  31 қаңтарға дейінгі аралықта Ресейдің Мәскеу облысында Орехово – Зуев қаласының Гуманитарлық – технологиялық мемлекеттік университет базасында өткен V Бүкілресейлік студенттік фармацевтикалық Олимпиадаға ОҚМФА фармацевтикалық факультетінің 5 курс студенттері  А.С.Сәдібек, А.Д.Пернебек, Э.А.Муталиева, Э.Э. Фазилова қатысты. Фармацевтикалық факультет деканының орынбасары, фарм.ғ.к., проф.м.а. Орынбасарова Кульпан Кенжебаевна команданың жетекшісі болды.

927 1

Олимпиадаға Ресейдің, Белоруссияның және Қазақстанның «Фармация» мамандарын дайындайтын ең үздік оқу орындарынан 29 команда қатысты. 

Олимпиаданы Мәскеу облысы үкіметінің қолдауымен Ресейлік фармацевтикалық өндірушілер қоғамының ассоциациясы ұйымдастырған.

Әдетте іс – шараның демеушісі ретінде ірі фармацевтикалық компаниялар  қатысты, олар – Р-Фарм, Нижфарм, Сервье, Такеда, IMS Health және DSM Group маркетингтік ұйымдар.

927 2

Білім беру бағдарламасы аясында студенттер фармэкономикалық, клиникалық зерттеудің мәселелік сұрақтарына және фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы т.б. жұмыстардың  қыр – сырын шешуге бағытталған олимпиаданың серіктестері ұйымдастырған мастер – кластарға қатысты.

Студенттер ойды толғандыратын тапсырмаларды орындады, фармөндірісінің ең жетекші мамандардың мастер – класстарында белсенді қатысып отырды.  

Олимпиадаға қатысқан студент өз білімінің деңгейін бағалап қана қоймай, одан әрі қазіргі заманауи өндірістің қыр – сырларымен танысуға, өзінің кәсіптілік деңгейін дамытуға және мансапқа жету траекториясын құруға мүмкіндік береді. Жас мамандарға қызығушылық танытқан  жұмыс берушілер  әлеуетті қызметкерлерімен танысуға мүмкіндік алады. Әрине, ынталанған жас фармацевтер және медиктер – елдің және фармацевтикалық өндіріс саласының болашағы болып келеді. 

Жеңімпаздарды  ұйымдастырушылар, демеушілер және іс – шараның ақпараттық серіктестері дайындаған бағалы сыйлықтармен және медальдармен марапатталды. Жеңіске жеткен студенттерді құттықтаймыз. 

927 3

13.02.2017, 04:21
307 қаралым