«ҮЗДІК ЖАСТАР-2022» ПРЕМИЯСЫ

2022 жылдың 27 сәуір күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың қолдауымен «Үздік жастар премиясы- 2022» байқауы өткізілді.

Үздіктерді анықтаудың негізгі талаптары: үлгерімі, тәртібі, республикалық, облыстық, жергілікті жетістіктері басты назарға алынды,комиссия мүшелерінің барлығы өз үміткерлерін ұсынып,бір ауыздан шешім қабылдады.

Байқау қорытындысы бойынша: «Үздік ұйым» номинациясын «Жайдарман» ұйымы, «Үздік ұйым басшысы» жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Жүзгенбай Перизат, «Үздік көшбасшы» фармацевтикалық өндіріс технологиясының 2 курс студенті Әліайдар Аружан, «Үздік студенттік декан» Мейіргер ісінің қолданбалы бакалаврының 3 курс студенті Өміртай Гүлнұр, «Үздік пікір сайысшы» фармацевтикалық өндіріс технологиясының 2 курс студенті Чапай Нұршат, «Үздік жас ғалым» М142 «Фармация» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағытындағы 2-ші оқу жылының магистранты Конаш Нышанбай, «Үздік магистрант» М142 «Фармация» білім беру бағдарламасының ғылыми-педагогикалық бағытындағы 2-ші оқу жылының магистранты Кершеева Иманай, «Үздік ерікті» фармацевтикалық өндіріс технологиясының 2 курс студенті Гулам Қадыр Диана, «Үздік спортшы» жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Рисбаков Махсадхужа, «Үздік бітіруші» Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының 4 курс студенті Пернебеков Елхан, «Үздік студент» Фармация факультетінің 5 курс студенті Әбілова Ардақ, «Үздік 1 курс студенті» жалпы медицина факультетінің 1 курс студенті Тажиев Қойбағар Рауан, «Үздік белсенді студент» фармацевтикалық өндіріс технологиясының 3 курс студенті Шілтер Нұртілеу иеленді.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім жеңімпаздарды құттықтап, оқу мен қоғамдық өмірде сәттілік тіледі.

29.04.2022, 10:27
530 қаралым