ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА
6 желтоқсан күні І жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық форумы аясында «Ғылыми жобалар байқауы» өтті.
«Ғылыми жобалар байқауы» жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми шығармашылығын қолдау болып табылды. Іректеуден соңғы мәреге барлығы 18 жоба өтті, олардың бесеуі «Galamat Group» холдингінің арнайы ақшалай сыйлықтарымен марапатталды:
1. 100 000 теңге
«Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастардағы ұйқының бұзылуын басқару: озық тәжірибені енгізу жобасы»
• Садуева Феруза Хайдаралиевна, Қарағанды медицина университеті, профессор ассистенті, директор JBI Affiliated Group
• Дана Әуезханқызы, ОҚМА АҚ, PhD докторант , кафедра ассистенті
• Сейдахметова Айзат Ашимхановна, ОҚМА АҚ "Шұғыл медицина және мейірбикелік іс" кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.
• Жулдыз Қуаныш, Ғылыми хатшы, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық, директор орынбасары JBI Affiliated Group
• Паоло Колет, Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, профессор ассистенті, JBI Affiliated Group
2. 50 000 теңге
«Балалардағы өңештің күйіктерін емдеуге арналған инновациялық 4-люменді зондты әзірлеу»
• Джапаров Ахмадкул Ирискулович, медицина ғылымдарының магистрі, Балалар хирургі, Шымкент қ. ГДКБ
• Әбдиев Бағдат Нұрғалиұлы, "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша 2-ші оқу жылы резиденті, ОҚМА АҚ
• Бекжан Нұрдәулет Төлегенұлы, "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша 2-ші оқу жылы резиденті, ОҚМА АҚ
3. 50 000 теңге
«Босану паритетіне байланысты акушерлік қан кету кезінде реттеуші аутоантиденелер деңгейінің өзгеру ерекшеліктері»
Кулбаева Салтанат Налибеккызы, ОҚМА АҚ, Акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор
4. 50 000 теңге
«Суды инкапсуляциялау»
• Ақаева Әлия Сағындыққызы - Фармация мектебінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 4 курс студенті, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ
• Моллаханова Феруза Эркинбай кизи
• Қуандық Аружан Сәкенқызы
• Шакарманова Ұлжан Мұхтарқызы
• Шахман Динара Пернеханқызы
5. 50 000 теңге
«Отандық өсімдік шикізаты негізінде паразиттерге қарсы белсенділігі бар тиімді және қауіпсіз біріктірілген фитопрепаратты әзірлеу»
• Рахманова Дилноза Махмудовна, «Фармация» мамандығының 5 курс студенті ОҚМА
• Исабаева Диана Бауыржановна, «Фармация» мамандығының 5 курс студенті ОҚМА
• Кузнецова Карина Евгеньевна, «Фармация» мамандығының 5 курс студенті ОҚМА
• Незванова Екатерина Игоревна, «Фармация» мамандығының 5 курс студенті ОҚМА
• Ордабаева Сауле Кутымовна, ғылыми жетекші, ОҚМА АҚ Фармацевтикалық және токсикологиялық кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлдені - Садуева Феруза Хайдаралиевна, Дана Әуезханқызы, Сейдахметова Айзат Ашимхановна, Жулдыз Қуаныш, Паоло Колет иеленді. Жоба атауы: «Сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастардағы ұйқының бұзылуын басқару: озық тәжірибені енгізу жобасы»
1-ші орынды - Джапаров Ахмадкул Ирискулович, Әбдиев Бағдат Нұрғалиұлы, Бекжан Нұрдәулет Төлегенұлы иеленді. Жоба атауы: «Балалардағы өңештің күйіктерін емдеуге арналған инновациялық 4-люменді зондты әзірлеу».
2-ші орынды - Кулбаева Салтанат Налибекқызы иеленді. Жоба атауы: «Босану паритетіне байланысты акушерлік қан кету кезінде реттеуші аутоантиденелер деңгейінің өзгеру ерекшеліктері».
3-ші орынды - Ақаева Әлия Сағындыққызы, Моллаханова Феруза Эркинбай кизи, Қуандық Аружан Сәкенқызы, Шакарманова Ұлжан Мұхтарқызы, Шахман Динара Пернеханқызы иеленді. Жоба атауы: «Суды инкапсуляциялау».
Бұл ғылыми жобалар барлық қатысушылардың болашағына айтарлықтай әсер етіп, олардың одан әрі дамуын ынталандырады деп үміттенеміз.