Университет арасындағы интеллектуалды ойын -2017
2017 жылдың 6 желтоқсан күні біздің академияның акт залында фармакогнозия және химия кафедрасы мен студенттік кәсіподағының ұйымдастыруымен ОҚМФА,ОҚМУ,ОҚМПИ студенттік командаларының қатысуымен «Интеллектуалды ойын - 2017» іс-шарасы өткізілді. Ойынды кафедраның жетекшілері профессор м.а. Ж.С.Тоқсанбаева, оқытушы К.К.Патсаева, аға оқытушы Т.С.Серикбаева, Ж.А.Кадишева, оқытушы З.Е.Ибрагимова, Б.А.Бахтиярова, Л.М. Бадалова жүргізді.
Әр оқу орнынан бір командадан қатысты,ОҚМУ-дан «Интеллект будущего» командасы, ОҚМПИ-дан «Эйнштейны» командасы, ОҚМФА-дан үш команда қатысты «Smart vision»,«The royals», «Alfa & Omega».
Іс-шараны медицина факультетінің 5 курс студенті Шорабаев Дәулет жүргізді.
Кафедра меңгерушісі, х.ғ.д., профессор Ә.Қ.Патсаев құттықтау сөзінде Шымкент қаласындағы жоғарғы оқу орындарының студенттер кездесулерінің маңыздылығын және осындай іс-шаралар еліміздің жас азаматтарын біріктіретінін атап өтті.
Фармация факультетінің деканы асс.профессор Н.Ж.Жұмабаев студенттік жастарды бірлескен іс-шараларға белсене қатысуға шақырды және командаларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
«Мұндай іс-шараларды өткізу және университтер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық бүгінгі күні маңызды»-деп ОҚМФА стратегиялық даму және халқаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор А.А.Ахметова атап кетті.
Іс-шара соңында интеллектуалдық ойының қорытындысы шығарылды: I-ші орын және кубокті факультеттің 5-ші курс студенттерінен құралған «Smart Vision» командасы жеңіп алды, II-ші орын ОҚМУ «Интеллект будущего» командасы және III-ші орынды Медицина факультетінің 1-курс студенттерінен жасақталған «The royals» командасы иемденді. «Эйнштейн» және «Alfa & Omega» командалары белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Ойында үздік ой танытқаны үшін фармация факультетінің 5-курс студенті Пак Алексей «Үздік ойыншы» атанды.
Осылайша өткізілген интеллектуалдық ойын студенттердің жоғары белсенділігі мен әртүрлі білім салаларының сұрақтарына дайындығын көрсетті.
Фармакогнозия және химия кафедрасы және студенттік кәсіподақ дайындаған бұл іс-шара қаламыздағы жоғары оқу орындар арасындағы білім беру мен дамудың барлық деңгейлерін өзара қарым-қатынастың тәжірибеде табысты түрде жүзеге асыруына болатындығын тағы бір рет іс жүзінде көрсетті.