Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз!

2023 жылдың 20 наурыз күні ОҚМА ұжымы әскери кафедра алаңында Наурыз тойын тойлады. Барлық кафедралар мерекелік дастархан жайып, Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама көрсетілді.
Іс-шараны ОҚМА бірінші проректоры М.Есиркепов пен қадірлі қонақтар, мен академия ардагерлері ашып, академия ұжымын Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ тілектерін білдірді.
Медицина, фармация, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі мен халықаралық факультеттері өз өнерлерін ортаға салды.

Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері бойынша «Тұсау кесу», «Қыз ұзату», «Беташар», «Үздік ұлттық киім», «Үздік көрініс», «Үздік ұлттық тағамдар», «Ұлттық спорт түрлері» оның ішінде гір тасын көтеру, арқан тарту ұлттық ойындары ойнатылды.
«Үздік ұлттық киім» номинациясын бойынша Фармация факультеті, «Үздік ұлттық тағамдар» номинациясын Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті, «Үздік көрініс» номинациясын Медицина факультеті және ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі ерекше көзге түсіп белсене қатысқаны үшін марапатталды.
Іс-шара ОҚМА үлкен мәжіліс залында белсенді студенттер әзірлеген концерттік бағдарламаға жалғасып, ұлттық нақыштағы ән мен биге, салт-дәстүрді насихаттайтын көріністерге жалғасты.
Биыл студенттік ұйымдар арасында «Ұлттық дәстүрлер» бойынша сайыс ұйымдастырылып, концерттің соңында байқау жеңімпаздары мен қатысушылары Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының алғыс хатымен марапатталды.
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы бастаған «Ұлттық киіммен жүру» челленджі де өз жалғасын таппақ.
Мерекеге келген қонақтар студенттік ұйымдармен әзірленген тағамдардан ауыз тиіп көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Барша ұжымды «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

20.03.2023, 21:05
358 қаралым