«Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан»

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн. Әлем тарихында қаншама ел өз тәуелсіздігі үшін ғасырлар бойы күресті. Осы мақсатқа орай Желтоқсан айының 11 күні Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары «Ұлы дала тарихы – мәңгілік Қазақстан» тақырыбында іс-шара өткізді. Қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасының ардагерлері Бейсенов Болатбек Шымкентбаевич, Бекзатова Ақтолқын Тұрлыбекқызын шақырып, «Өнегелі өмір» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты студенттерге халқымыздың тарихы туралы мәлімет беріп, маңыздылығын ұғындыра білу, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыта отырып, өткен күннен өнеге алу. Жастарымызды тарихымызды құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Іс-шараның қонағы ретінде «ОҚМА» АҚ ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлымен Медицина колледжінің директоры Кушкарова Алтыншаш Мухамедкалиевна қатысты.

12.12.2023, 15:59
275 қаралым