Ұлттық ойындар күні !!!
Қазақтың ұлттық мерекесі наурыз мерекесінің құндылығын арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жоспарына сай және қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні зор екенін басқа да ұлт білім алушыларына дәріптеу мақсатында 14.03.2024 ж “Дене тәрбиесі” орталығында ұлттық спорт ойындары өткізілді. Атап айтқанда белбеу күресі, арқан тартыс, асық ату және ләңгі,.т.с.с. Жарысқа 6 адамнан 6 команда қатысты.
Білім алушыларға ойын ережелері түсіндірілді.
Белбеу күресі — қазақтың ұлттық күресі. Белбеу күресі қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі Қазақстанда бұл жекпе-жек өнер үлкен сұранысқа ие, ал қазақ күресі бойынша жарыстар мерекелер мен салтанаттарда жүргізіледі. Белбеу күресі белі байланған екі жауынгердің өзара жекпе-жегін көрсететін күрес түрі. Білім алушылар жекпе-жек кезінде бір-бірін белбеуден ұстап, белдеседі және әрқайсысы өз қарсыласын жығуға, жеңуге тырысады.
Арқан тартыс. Арқанның қақ ортасы қызыл орамалмен байланады. Осы орамалдың екі жағынан 1,5-2 метрдей қашықтықта жерге белгі салынады. Екі топқа бөлінген білім алушылар бойларына қарай арқанның екі шетінен ұстайды. Төреші белгі берген сәттен-ақ екі топтың ойыншылары арқанды өздеріне қарай тартады. Арқанның ортасындағы қызыл орамалды жердегі белгіге бірінші сүйреп әкелген топ жеңімпаз атанады.
Асық ату ойының түрлеріне тоқталып Хан ату ойынын ойнады.Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді…
Іс шарада білім аушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды, ұлттық іс шараға қатысты жарыс өте жақсы деңгейде өтті