Ұлттың Ұлы ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлы

2022 жылдың 19-25 сәуір күндері аралығында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Кітапханалық ақпараттық орталығының оқу залы бірлесе отырып ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай «Ұлттың Ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында апталық өткізілді.

Апталық барысында Ұлт ұстазының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалып, дүниетанымын және оның рухани мұрасын жастарға кеңінен насихаттау барысында бейнефильдер көрсетілді. Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Кітапханалық - ақпараттық орталығының оқу залы бірлесе отырып Ұлт ұстазының нақыл сөздерін, ұрпаққа өсиет етіп қалдырған қанатты сөздерін бейнежазба түрінде көрсетті.

Апталық барысында білім алушылар ақынның өмірімен шығармашылығы жайында шығарма жазып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды.

Кітапхана қызметкері Е.А. Куанышбекова «Ұлттың Ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында ғалымның шығармашылық қызметін ашып көрсететін кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. қаламынан туған шығармалары және мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларға шолу жасалынып, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынды.

Апталықтың соңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік тұлға» атты полиглот сайысы өткізілді. Сайысқа «Ғылым», «Білім», «Бірлік» атты үш топ қатысып, бақтарын сынады. Сайыстың алғы сөзін Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев Амангелді Тойболұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы, шет тілі кафедрасының оқытушылары А.С.Бегімбет, Г.М.Кемелова., Д.А.Құрбановалар қазылық етті. Әділ қазылардың шешімімен I-орын Білім тобы, II-орын Ғылым тобы, III- орынды Бірлік тобы иеленді. Сайыс жеңімпаздары дипломмен мараппаталды.

11.05.2022, 14:58
523 қаралым