«Ұлт тілін ұлықтаған – Мұхтар Шаханов» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2 наурыз 2023 жылы ОҚМА-ның әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Мұхтар Шахановтың 80 жылдық мерейтойы аясында «Ұлт тілін ұлықтаған – Мұхтар Шаханов» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің алғы сөзін қазақ, орыс және латын тілдерінің доцент м.а. Е.Сәлім М.Шахановтың шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінен үзінді оқып, баяндамашыларға сәттілік тіледі.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары бойынша білім алушы студенттер Ш.Ш.Керімбай, А.Б.Кудайбергенова, Ш.Х. Исмаилов, Д.Қ.Абдысалы ақынның халқына сіңірген ерен еңбектері туралы перезентацияларын ұсынды және ақынның өлеңдерін А.Избасарова, А.Маликова, Д.Абдысалы, А. Мұратова жатқа айтты.
Кафедраның доценттері А.Н. Қасымбекова және Г.К. Темирбековалар ақын туралы өз ойларын жастармен бөлісті. Шаханов десе, оның поэзиясынан бөлек азаматтық позициясы қатар көз алдымызға келеді. Желтоқсан. Наурыз. Тіл. Қазақстандық ұлт. Қай жерде де шырылдап, екі қолын кезексіз сермеп, өлең оқып тұрған немесе қазақ тілі туралы тереңнен тебіреніп, шабыттана сөйлеп тұрған Шахановты көреміз – деді.
Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Мұхтар Шахановтың рухты, патриотты өлеңдері әрбір адамның санасында сақталуы тиіс.