Тюмендік студенттер ОҚМФА базасында оқу-өндірістік тәжірибе өтуде

ОҚМФА және Ресей ДСМ МББМ ЖКБ Тюмень Мемлекеттік Медицина Академиясы арасындағы өзара қызметтестік келісім шарт және студенттер халықаралық ұтқырлығы аясында 2014-2015 оқу жылының 18 мамыр мен 1 маусым аралығында ОҚМФА базасында Тюмень Мемлекеттік Медицина Университетінің 5 студенті қатысқан ботаникадан оқу практикасы және  осы университеттің 5 студенті қатысқан фармакогнозиядан оқу практикасы өтті.

577 1

Фармакогнозиядан және ботаникадан оқу тәжірибесіне дайындық барысында жұмысшы тобы мүшелерінің қатысуымен фармакогнозиядан және ботаникадан  өзара бірге дайындалған және бекітілген жұмыс бағдарламасы    мен  жеке практика кестелері құрылып, онда ұйымдастыру іс-шаралары мәселелері шешілді. Студенттерге іс-шаралар кестесі құрылу барысында Дендробақ, Қасқасу, Аксу-Жабағылы аймағына экскурсиялық саяхаттар жасау арқылы жергілікті өсімдіктермен табиғи өсу аймағында кеңінен танысуға және мәдени түрлерге  енгізуді   үйренуге  мүмкіндік  жасалынды.

577 2

Тәжірибе өту барысында студенттер фитоценоздың құрамындағы  өсімдіктерді идентификациялау бойынша,Оңтүстік Қазақстан аумағында өсетін жабайы және мәдени өсімдіктер түрлерінен  дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындауды ұйымдастыру жұмыстарының тәжірибелік дағдыларын үйренді.

577 3

Нормативтік- техникалық құжаттар талаптарына сай  студенттер дәрілік өсімдік шикізаттарын сақтау және қайта өңдеу, орамдау,маркілеу,тасымалдау сұрақтары бойынша дағдыларын қалыптастырды.

577 4

Коллекциялық учаскеде өсетін өсімдіктермен танысты. Дәрілік   өсімдіктерді табиғи жағдайда оларды тиімді пайдалану әдістерін қолдана отырып дайындау бойынша дағдыларын бекітуді үйренді.Түрлі морфологиялық топтардың дәрілік өсімдік шикізаттарын  жинау әдістерін меңгерді.

ЖШС Зерде-Фито», ЖШС-Ева-Фито» өндірістерінде  студент практиканттар осы өндірістердегі негізгі процесстермен және технологиялық жабдықтармен танысты.

577 5

Студенттер Оңтүстік Қазақстан аумағында  өсетін эндемдік өсімдіктер мен  аса қызығушылықпен  танысты. Шымкент қаласында практика өту барысында шет елдік студенттерге кең түрде мәдени іс-шаралары ұсынылып, онда олар Оңтүстік Қазақстан халқының тарихи, ұлттық және рухани байлықтарымен кеңінен танысты. 

577 6

24.06.2015, 22:29
413 қаралым