Түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау

2023 жылдың 13 желтоқсан күні медицина колледжінің «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасының оқытушылары У.Ш. Ахбанбетова, Ж.С. Сарымсақова, А.А.Исабекова, Ш.Е.Серік, А.З.Зайыржановалар Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесе отырып мақсатында студентер арасында к түрлі этнос өкілдері арасында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын насихаттау өркемсөз оқу сайысын ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар өскелең ұрпақтың, оның ішінде Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің елімізді қастерлейтіндігі қуантарлық жайт екенін айта отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа медицина колледжінің 12 студент қатысты. Сайысқа қатысушылардың өнеріне Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Сирек кітаптар қоры бөлімінің басшысы Сұлухан Байдуллаева, Ақпараттық библиография бөлімінің басшысы Гүлмира Асилбекова және Шет тілдер бөлімінің кітапханашысы Сабира Қожабековалар қазылық етті.
Сайыста ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» өлеңін оқыған Садыкова Сабина бірінші орын алып, озық шықты. Екінші орын, Мухаммадиярова Сажида, ал үшінші орын, Ғалымжанұлы Алимжанға бұйырды.

14.12.2023, 18:05
262 қаралым