Түркістан облысы аймағындағы буын және дәнекер тіндердің жүйелі ауруларының жас ерекшелігіне қарай таралу жиілігі

20.04.2022 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» орай «Ішкі аурулар пропедевтикасы» және «Педиатрия-1» кафедралары бірігіп «Түркістан облысы аймағындағы буын және дәнекер тіндердің жүйелі ауруларының жас ерекшелігіне қарай таралу жиілігі» атты тақырыпта кафедрааралық ғылыми-практикалық конфереция өткізді.
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Садыкова Г.С. конференцияны ашып берді.
Қазіргі таңда буын және дәнекер тіндердің жүйелі аурулары өзекті мәселердің бірі болып отыр, оның себебін халық арасында көптеп таралуымен, ағымының созылмалылығымен, науқастың еңбекке уақытша жəне тұрақты жарамсыздығы жиілігінің артатындығымен түсіндіруге болады. Буын және дәнекер тіндердің жүйелі ауруларын дер кезінде анықтап, оған қажетті емдеу шараларын қолданған жағдайда ғана, еңбекке қабілеттілікті жақсартуға болады.
Келесі кезекте «Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі қ.а, PhD Нарходжаев Н.С. конференцияның ашылу салтанатына қатысып, буын және жүйелі аурулардың өзектілігін, балалар мен жасөспірімдер арасындағы буын және жүйелі аурулардың таралу жиілігін, негізгі алдын алу шараларының маңыздылығын түсіндірді. Талданып отырған тақырып болашақ дәрігерлер үшін өзекті екенін айтты. Қызығушылық танытып, ізденген барша студенттерге алдағы уақытта сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, конференцияға ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқарма басшысы Жақсылықов А.А. қатысып, студенттерге сәттілік тіледі.
Конференция барысында қатысушы белсенді студенттер: ревматизм, ревматоидты артрит, деформацияланған остеоартроз, подагра мен склеродермия, жүйелі қызыл жегі тақырыптарына Түркістан облысы бойынша Облыстық клиникалық ауруханасының мұрағатында сақталған статистикалық мәліметтерді жинап, талдау жасады. Талдау соңғы 3 жыл (2018-2021жж) аралығында жас және жыныс ерекшелігіне қарай жасалды.
Педиатрия кафедрасынан қатысқан студенттер мына тақырыптарды белсенді түрде баяндады: «Роль социальных и демографических и территориальных факторов в позднем выявлении дисплазии тазобедренного сустава у детей», «The ways to optimise of existing approaches to the diagnosis and treatment of hip joint pathology in infants», «Қазақстан Республикасында балалар арасындағы дәнекер тіннің патологиялық үрдістері»
Конференция соңында «Ішкі аурулар пропедевтикасы» кафедрасының  меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Г.С.Садыкова белсене қатысқан студенттерге ізгі тілектерін білдіріп, I, I, III –дәрежелі дипломдармен марапаттады.

20.04.2022, 16:40
443 қаралым