Түркіні түгендеген дара талант Сәрсен-бек Сахабатты еске алу кеші

2024 жылдың 28 наурызында медицина колледжінің “Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының” оқытушысы Серік Ш.Е мен СТДҚ-9.03.23 топ білім алушылары Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткізілген ақын-жазушы Сәрсен-бек Сахабатқа арналған “Түркіні түгендеген дара талант” атты еске алу кешіне қатысты. Іс-шара барысында қаламыздың беделді ақын-жазушылары,тіл жанашырлары өз естеліктерін айтып,өскелең ұрпақпен сұхбат құрды. Жаңа “Нәзір әлемі” атты кітаптың тұсаукесері болып,оқырмандарға таныстырылды. Колледжіміздің білім алушысы Оразғали Әділхан домбырамен күй шертіп өнерін көрсетті. Бір ұрпақты ғана емес қаншама ұрпақты тәрбиелейтін осы кітапхана. Сондықтан осындай киелі орында белгілі азаматтармен кездесу ұйымдастыру ол – жастарды рухани биіктету болмақ.

01.04.2024, 16:29
98 қаралым