Тұрғындардың дәрілік қамтамасыздандыруды жетілдірудің инновациялық жолдары

2022 жылдың 8-9 желтоқсанында «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты жас ғалымдар мен студенттердің IX халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Тұрғындардың дәрілік қамтамасыздандыруды жетілдірудің инновациялық жолдары» секциялық отырысының жұмысы оффлайн және онлайн режимде өтті.
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында өткен секциялық отырысқа ҚР және жақын шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары, докторанттарының баяндамалары тыңдалды. Олар: Ташкент фармацевтикалық институты, ОШ мемлекеттік университеті, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Астана» МУ, Қазақ-Ресей медицина университеті.

Өткізілген конференция қорытындысы бойынша келесі үздік баяндамалар таңдалды:
1.Сейдалиева Сәбина Каржаубайқызы-Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы, «Фармация» білім алу бағыты бойынша I курс докторанты, «Развитие фармацевтической отрасли Казахстана через медико-фармацевтические кластеры».
2.Сұлтанғазы Дана Рысбекқызы-Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті, «Фармация» білім алу бағыты бойынша 4 курс студенті, «Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техника айналымында аз шығын шығарып, көп пайда табу жүйесі. Дәрігер мен фармацевт арасындағы байланысты орнату».

Барлық конференцияға қатысушылар пікірі бойынша секция жұмысы жоғары ғылыми деңгейде өтті, фармацияның өзекті мәселелері бойынша баяндамалар мен академия білім алушылары жобалық оқыту бойынша зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Конференция соңында баяндамашыларға дипломдар, сыйлықтар және қатысушы сертификаттары табыс етілді.

Шертаева К.Д. отырыс модераторы ретінде барлық қатысушыларға өз баяндамаларымен белсенді қатысқандарын атап өтті және кафедраның барлық шетелдік және отандық серіктестерінің конференцияға қызығушылық танытқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді

28.12.2022, 11:53
857 қаралым