«Түлектердің кәсіби дайындығын бағалауға қойылатын өзекті талаптар» дөңгелек үстел
2023 жылдың 20 қаңтарында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да «Түлектердің кәсіби дайындығын бағалауға қойылатын өзекті талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – облыстағы фармацевтикалық кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында «Фармация» және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және түлектерді жұмысқа орналастыруға қатысты мәселелерді шешу.
Дөңгелек үстел модераторы ретінде ОӘжТЖ жөніндегі проректор, м.ғ.д. Анартаева М.У. сөз сөйледі. Келесі баяндамалар тыңдалды:
1. «Фармацевтикалық саладағы кәсіби біліктілік жүйесін дамыту мен фармацевтикалық білім беру бағдарламаларының мазмұны арасындағы байланыс» – баяндамашы, «Денсаулық» бағыты бойынша Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігі фармацевтикалық білім беру бағдарламалары бойынша жобаны басқару тобының төрайымы, Ибрагимова Айгуль Гаффаровна.
2. «Фармацевтика өнеркәсібіндегі еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайы. Фармацевті тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар» - баяндамашы, ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры Альжанова Хадиша Дербисовна.
3. «ОҚМА түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіштері» - баяндамашы, интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің деканы Кемельбеков Қанатжан Сауханбекович.
4. «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласын ұтымды дамыту бойынша өзекті ұсыныстар» - баяндамашы, фармация факультетінің деканы Умурзахова Галия Жанбурбаевна.
Дөңгелек үстелді «ОҚМА» АҚ фармация факультетінің деканаты ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге 40-тан астам адам қатысты, оның ішінде практикалық фармация өкілдері, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша, Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылары (онлайн), ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының өкілдері, «Бастау Фарм» ЖШС, «Экофарм Интернэшнл» ЖШС, «Зерде фарм» ЖШС, «ТИН» ЖШС, «Медсервис Плюс» ЖШС құрылтайшылары, Шымкент қаласындағы «Садихан» ЖШС өкілі, «Зада-Фарм» ЖШС (онлайн) , «Алмасат» ЖШС, Алматы (онлайн), «Фито-Апифарм» ЖШС (онлайн), ҚР ДСМ Психикалық денсаулық орталығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық сот сараптамасы орталығы (онлайн), сондай-ақ «ОҚМА» АҚ басшылығы «Фармация» БББ және «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ профессор - оқытушылар құрамы (офлайн).
«Түлектердің кәсіби дайындығын бағалауға қойылатын өзекті талаптар» дөңгелек үстелінде сұрақтарды талқылау барысында келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасалды:
1. Жұмыс берушілердің ұсыныстарына сәйкес оқытудың барлық деңгейлерінде фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жұмысты жалғастыру;
2. 2023 жылға арналған «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының оқу нәтижелерін (ОН) бағалау критерийлерімен келісу;
3. Өңірлік деңгейде фармация саласындағы мамандардың кәсіптеріне, лауазымдарына, білімдері мен дағдыларына бірлескен форсайттық зерттеулер жүргізу;
4. «Фармация», «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламаларының бойынша түлектерді дуальды (жұмыс берушілермен) оқыту кестесін жасау;
5. ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы ұсыныстары:
- Фармация факультеті түлектерінің қорытынды аттестациясына фармакология пәнін енгізу, пәнді тереңдетіп оқыту және бекіту;
- 5 жылға тұрғын үй преференцияларын, жеңілдіктер бере отырып, барлық деңгейдегі әкімдіктермен жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмысты бастау;
6. «Фармация» БББ, «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» БББ салыстыра отырып дайындалған «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі 2 жыл, «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша дипломын алуға) бітірушілерді жеделдетіп оқыту бойынша БББ жобасын әзірлеу туралы ақпаратты ескеру;
7. ОҚМА-ң түлегінде болуы тиіс негізгі құзыреттерден тұратын ОҚМА түлегі профилінің жобасын бекіту;
8. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы кәсіптік стандартты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының тізбесін әзірлеу туралы» жұмыстарына жұмыс берушілермен бірге қатысу;
9. 6B10106 «Фармация» және 6В07201 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» бакалавриат білім беру бағдарламаларының; магистратура 7M10104 «Фармация» (профиль); 7М10142 «Фармация» (ғылыми-педагогикалық); докторантура 8D10140 «Фармация» миссияларын бекіту.
10. Бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ынталандыру және жұмысқа орналастыруды тұрақты бақылау саласында жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша резолюция қабылданды.