«Тұғыры биік - Тәуелсіздік»

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінде 2021 жылдың 7 желтоқсанда «Жалпы білім беретін пәндер» кафедрасымен Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі бірлесе отырып «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» атты білім алушылардың ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Ғылыми шараға медицина колледжінің директоры А.М.Кушкарова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тайжанова М.А., Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының меңгерушісі Сатаев А.Т., кафедра оқытушылары және колледж білім алушылары қатысты.

1986 жылғы оқиғаға нәзік жанды, қайсар мінезді қарлығаштарымыздың да қатысқаны барлығымызға мәлім. Сондықтан да олардың бізге жеткізген әр сөзі құнды әрі құрметті деп білеміз. Конференцияның қадірлі қонағы ретінде желтоқсан көтерілісіне қатысқан Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Гүлмира Болатқызы Оспанова шақырылды.

Желтоқсан көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Желтоқсан оқиғасына қатысқан халық қаһармандарына ерліктеріне тағзым етіп бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып отырған ғылыми шараның алғашқы сөзін медицина колледжінің директоры А.М.Кушкарова ашып, егемен елдің тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, қазақ елінің тарихына, Тәуелсіздік алған 30 жыл ішіндегі тәуелсіздіктің баянды жетістіктері мен даму жолдарына тоқталды.
Ата бабамыз тәуелсіздікке жету жолында қаншама оқиғаны бастан кешірді. Сонда да моймай қасық қаны қалғанша күресіп , еліміз бен жерімізді сақтап қалды тарихта қалған маңызды жайттардың тағы бір түрі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Конференцияға арнайы келген Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Г.Б.Оспанова сөз алып, 1986 жыл, Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандары бәрімізді қанжылататынын, жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп - қонып өмір сүрген ата – бабаларымыздан қалған үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеуге. Ол ел мен жер және ана тіліміз екенін, қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайтынымыз жайында кеніңен тоқталды.

Конференцияның мақсаты - 16-желтоқсан Тәуелсіздік күнін атап өту аясында тәуелсіздіктің қазақ халқы үшін маңыздылығы, берген жетістіктері және осы үдерісте кезіккен қиындықтар мен қысқаша тарихына тоқталып еске алу және Қазақстанның Тәуелсіздік күнінің мәні мен маңыздылығын арттыруға үлес қосу.
Еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы жеткен жетістіктері жайында кафедра меңгерушісі А.Т Сатаев қысқаша баяндама оқыды Сондай-ақ 30 жылдық тарихы бар Қазақстанның алдағы уақыттағы келешегі талқыланды. Білім алушылар тақырыптары бойынша баяндамалар оқып, өз ой пікірлерімен бөлісті. Тәуелсіздік аңсаған қазақ елінің ежелгі тарихынан бүгінгі егемен елінің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көшбасшылығымен жеткен жетістіктерін жайында баяндамалар оқылды.

Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды, рухы биік жастарымызды еш уақытта ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге үлгі болсын. Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса берейік! Еліміздің келешегі кемел, болашағы нұрлы болсын!

13.12.2021, 16:05
375 қаралым