«ТОКСИКОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ» ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАСЫН ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Zoom платформасында 5 курс білім алушылары, академия және серіктес жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар қауымы, осы бағдарламаның жұмыс берушілерінің қатысуымен «Токсикологиялық химия» өндірістік тәжірибесі бойынша әдістемелік конференция өтті.

1636 1

«Токсикологиялық химия» бойынша өндірістік тәжірибені өткізуге жауапты Серікбаева А.Д. конференция қатысушыларын тәжірибені ұйымдастыру, өткізу мәселелері және қорытындыларымен таныстырды. Өндірістік тәжірибеге және дифференцирленген сынаққа 149 студент жіберіп, нәтижесінде сапалық көрсеткіш 92,6%, курс бойынша орташа балл 3,67 құрады.

1636 2

Студенттер өндірістік тәжірибеден өту процесі туралы неғұрлым ақпараттандырылған әрі қызықты баяндама жасады. Өз сөзінде 5 курс студенттері Кинаятова А. және Акшабаева А. осы тәжірибені өткізу үшін негіз ретінде таңдалған Google Classroom платформасында жұмыс білімдері және дағдыларымен бөлісті. Барлық қатысушыларды тәжірибе кезінде пайдаланылған файлдар, видеобейнелердің үлкен көлемімен жүктелген контенттерімен жеке компьютерде де, ұялы телефондарда да үзіліссіз жұмыс жасауы қызықтырды.

1636 3

Искаков Р. және Кочкарова Д. «ұшқыш», «дәрілік», «металдық» улар, пестицидтер, күйдіргіш сілтілер мен қышқылдардың сот-медициналық сараптамасының химия-токсикологиялық зерттеулерін жүргізу бойынша зертханалық дағдыларын виртуалды бекітуге арналған тәжірибесін баяндады. «Дәрілік» уларды химия-токсикологиялық зерттеу мысалында пайдаланылған контент токсиканттарды оқшаулау, хромогендік және микрокристаллоскопиялық реакциялар, хроматографиялық және спектрофотометриялық әдістерімен идентификациялау және сандық анықтау туралы айтылды.

1636 4

Тәжірибеден өтушілер Ахметова А., Киякова А. этил спирті, карбоксигемоглобиннің инстурменталды әдістермен зертханалық экспресс-диагностикасын жүргізу, «дәрілік» улардың ЖҚХ-скринингі, есірткілік және күшті әсер ететін заттардың алдын-ала сынамаларын дайындау, Cannabis sativa шөптерін микроскопиялық талдау және т.б. тапсырмалардың орындалуымен таныстырды. ОҚМА қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімі мен кафедра қызметкерлерінің күшімен дайындалған бейнеконтенттер бойынша трансляциялық платформаларда химик-токсиколог рөлінде кәсіби құзыреттілікттерге қажетті дағдыларды бекіту және қалыптастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

1636 5

Төрехан М. және Ақылтаева Г. өндірістік тәжірибе бойынша электрондық күнделіктерді толтыру туралы айтып берді. Алдыңғы баяндамалар сияқты, ол әр сабаққа оқытушының тапсырмаларын жүктеу, токсикологиялық маңызы бар заттарға химиялық-токсикологиялық талдау жүргізу үшін СОП түрінде бекітілген әдістемелер, сонымен қатар, бейнероликтер, инструменталды қондырғыларға арналған СОП, ультракүлгін және инфрақызыл спектрлер, алынған нәтижелерді интерпретациялауға қажетті зерттелетін және стандартты үлгілердің дақтары бар дайын хроматографиялық пластинкалар, күнделікті тексеруден кейінгі жетекшілердің түсіндірмелері, есептер, жетекшілердің мінездемелері және дифференцирленген сынақ бағасынан тұрды.

1636 6

Профессор С.К. Ордабаеваның өндірістік тәжірибені өткізу қорытындысы бойынша студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері туралы баяндамасы қызықты болды. Мұнда студенттер тәжірибені қашықтықтан өткізу туралы өз әсерлерімен бөлісті, олар тәжірибені тиімді өткізу үшін материалдардың жоғары деңгейде даярланғандығын бағалап, өз жетекшілеріне алғыстарын білдірді. Осы кері байланыс нәтижелері кафедра жұмысын жақсарту үшін ескерілетіні сөзсіз.

1636 7

Конференция академия ішілік көлемінде жоспарланғанына қарамастан, оған кафедраның барлық серіктес жоғары оқу орындары: Сеченов университеті, Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Ташкент фармацевтика институты, Қырғыз мемлекеттік медицина университеті мен Тәжік мемлекеттік медицина университетінің жетекші профессор-оқытушылар қауымы белсенді қатысты.

Конференцияны қорытындылау барысында БММУ доценті Дианов В.М. студенттердің қондырғылармен жұмыс жасау қолжетімділігі, практиканы толық өту үшін инстурменталды әдістермен жұмыс жасау дағдылары үшін дайындалған көптеген видеоконтент жасауға қажетті кафедраның материалды-техникалық жабдықталуына қызығушылық танытты. Сондай-ақ, біздің серіктестерді Google Classroom платформасын қолдану тәжірибесі қызықтырды. Әріптес жоғары оқу орындарымен осындай конференция өткізу туралы, сонымен қатар серіктес жоғары оқу орындарының студенттері үшін өндірістік практиканы қашықтықтан ұйымдастыру туралы көптеген ұсыныстар болды.

1636 8

Конференция модераторы, профессор С.К. Ордабаева қашықтықтан оқыту режиміне қарамастан токсикологиялық маңызды заттардың химия-токсикологиялық талдауының кейбір бөлімдері бойынша бейнеконтент дайындауға жәрдемдесіп және тәжірибе жетекшісі болуға келіскен жұмыс берушілер - ҚР ӘМ Шымкент қаласы бойынша сот сараптамалары институтынан М.А. Абдиев және Психикалық денсаулық орталығынан Ж.Ш.Углановқа алғыс білдірді.

10.02.2021, 22:35
430 қаралым