ТММУ Тәжікстан және ОҚМА Қазақстан арасындағы меморандум өз жемісін беруде
20.06.2022 ж. 01.07.2022 ж. аралығында фармакогнозия кафедрасының доцент м. а., PhD Оразбеков Еркебұлан Қуандықұлының жетекшілігімен ОҚМА «Фармация» факультетінің 3 курс студенттері: Мамырхан Ақжан, Алибекова Адина, Кауканова Аружан, Нургалиева Әсел, Латипов Оруч,- Абуали ибни Сино атындағы Тәжікcтан мемлекеттік медицина университетінің Фармакогнозия және фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының базасында өндірістік практикадан өтті.
Өндірістік тәжірибе Тәжікстан Ғылым Академиясының ботаникалық бағында, сондай-ақ Кондара шатқалында, Рамит мемлекеттік табиғи қорығында, Харангон, Сиёма өзенінің шатқалында және Варзоб аудандарында өтті.
Практикалық жұмыстар барысында екі ел қызметкерлері мен студенттері жұмыс жоспарларын орындап, Тәжікстанның флорасы мен фаунасымен жұмыс жасап қана қоймай, дәрілік объектілерді ғылыми зерттеу саласындағы ғылыми-бағдарланған қатынастарды бекіте түсті.
Екі елдің жас ғалымдары мен студенттері арасында «Дәрілік өсімдіктер және олардың метаболикалық синдром фитотерапиясындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіліп, "Фармацевтикалық ғылымды дамыту перспективалары" тақырыбында баяндамалар оқылып, Қазақстан мен Тәжікстанның дәрілік өсімдіктерді зерттеу саласының студенттер арасындағы ғылыми жұмыстары таныстырылды.
Орынбасарова К.К. бастаған ОҚМА фармакогнозия кафедрасының ұжымы және студенттер,- академия басшылығына осы мүмкіндікті ұсынғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сондай-ақ, қабылдаушы тарап Абуали ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті фармацевтика факультетінің деканы Каландарзода Е.К., Фармакогнозия және фармация экономикасын ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі Раджабов Г. О. жемісті жұмысы мен кәсіби қабылдауы үшін алғыстарын білдіреді.