«Тілім менің – тірлігімнің тірегі»

2021 жылдың 06 қыркүйек күні академияның үлкен залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Қазақ, орыс, латын тілдері кафедрасы және Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай қалалық деңгейде «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты салтанатты іс шара өтті. Аталған іс шараны басқарма басшысы Е.Қ.Сәлім ашып беріп, ұжымдастар мен студенттерді қазақ тілін дамытуға, деңгейін көтеруге шақырды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған шараның басты мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана – сезімі мол, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы.

Әділ қазылар алқасының құрамында Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының қызметкері М.Болат, Қазақ, орыс жәнелатын тілдері кафедрасының оқытушысы Ж.Темірбекова, Жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы З.Керімбекова төрелік жасап, әділ бағаларын берді.

Іс-шараға академиядағы факультеттер арасынан 1 курстың 7 студенті катысып, 3 кезең бойынша бақ сынасты. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы Бақыт Мерей Сапарғалиқызы, 2 орын - Педиатрия кафедрасының Елемес Адемі Муратбекқызы, 3 орын – Фармация кафедрасының Нұралы Рахат Нұрғалиұлы иеленді. Жеңімпаздар арнайы диплом мен сый-сияпатпен марапатталды.

Сонымен қатар, «Тіл – достықтың алтын көпірі» тақырыбында ОҚМА-ның барлық топтары мен студенттері арасында қабырға газетін шығарудан сайыс болды. Үздік қабырға газеттеріне диплом мен сыйлықтар берілді.

07.09.2021, 22:01
790 қаралым