Тілге құрмет – елге құрмет!
ОҚМА қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай 09.09.2022ж. күні «Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараның алғы сөзін ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының фил.ғ.к., доцент А.Арысбаев ашып, қазақ халқының рухани көсемі, білім алуға және қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған, дәуірінің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отырғанын айтып өтті.
Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы қызметкерлері «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты көрмесіне шолу жасады.
Мерекелік іс-шарада барлық 1 курс білім алушылары белсенділік танытып, би билеп, ән шырқап, А.Байтұрсынұлына бейнебаян дайындап, көркемсөз оқу шеберлері тіл туралы өлеңдерді жарыса жатқа оқыды. Сонымен бірге өзге ұлт өкілдері де қазақ тілінде өлеңдер оқып, көрермен көзайымына айналып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Тіл қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз.