«Тілдерді оқыту барысындағы бағалау технологиясы» тақырыбындағы семинар

30.05.2022 жылы қаазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту барысындағы бағалау технологиясы» тақырыбында семинар өткізілді.
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясат басқармасының басшысы Е.Қ.Сәлім семинарды ашып берді. Кафедраның ф.ғ.к., доценттері Г.К.Темірбекова, А.Н.Қасымбекова және аға оқытушылары А.Т.Абдуллабекова, Д.Ж. Кемелхан, оқытушы Ж.И.Досмаилова тақырыптың өзекті мәселелері бойынша ақпарат беріп, озық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысқан оқытушылар талқыланған тақырыптарға өз пікірлерін айтып, бағалау технологиясы тақырыбын ары қарай дамытуға ұсынды. Белсенді қатысушыларға алғыс хат табысталды.

01.06.2022, 20:00
450 қаралым