«Тілдерді оқыту жүйесіндегі жаңартудың өзекті мәселелері және басым бағыттары» атты кафедраралық ғылыми - әдістемелік семинар

 580 1 1

2015ж. 28 мамыр күні ОҚМФА-ның  қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту жүйесіндегі жаңартудың өзекті мәселелері және басым бағыттары» атты кафедраралық ғылыми - әдістемелік семинар өткізілді. ОҚМФА-ның даму және инновация жөніндегі проректоры А.А.Ахметова, тілдер кафедраларының меңгерушілері, оқытушылар құрамы қатысып, тілдерді оқыту жүйесіндегі инновациялық әдіс-тәсілдерін айтты.

580 2 2

 580 3 3

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік білімнің мәні білім алушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігін көрсетеді. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшеліктері білім алушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.

 580 4 4

«Бала дамуының ең шарықтау шегі–бұл тіл мен ойдың шығармашылығы» дегендей ғылыми - әдістемелік семинарда орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы Р.Абишева; шет тілдер кафедрасының меңгерушісі А.С.Сайфутдинова, аға оқытушысы Ф.Т.Ыбырай; қазақ тілі мен латын тілі кафедрасының меңгерушісі Е.Қ. Сәлім, аға оқытушылары А.Н.Қасымбекова, А.С.Жакипова, Д.Ж. Кемелхан т.б. өз тәжірибесінде қолданыста жүрген әдіс – тәсілдерін ғылыми тұрғыдан негіздеп, олардың тиімділігі мен өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.

580 5 5

Белсенді қатысқан  қызметкерлерге сертификаттар табысталды.

01.07.2015, 03:50
584 қаралым