«Тілдерді оқыту барысындағы білім алушылардың сындарлы ой – қабілетін қалыптастыру» атты кафедрааралық ғылыми - әдістемелік семинар
2016ж. 21 сәуір күні ОҚМФА-ның қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту барысындағы білім алушылардың сындарлы ой – қабілетін қалыптастыру» атты кафедрааралық ғылыми - әдістемелік семинар өтті. Тілдер кафедраларының меңгерушілері, оқытушылар құрамы қатысып, тілдерді оқыту барсындағы білім алушылардың сындарлы ой – қабілетін қалыптастырудағы әдіс-тәсілдерін айтты.
Қазіргі таңда оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 – ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше.
Білім саласына еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы студент тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі заманның студенті өздігінен білім іздейтін жеке тұлға қалыптасуына үлкен мән береміз.
«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» дегендей ғылыми - әдістемелік семинарда шет тілдер кафедрасының меңгерушісі А.С.Сайфутдинова; қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушылары А.Н. Қасымбекова, Е.Қ. Сәлім, Ж.Т.Кысмуратова, М.А. Умаралиева Р.К. Кальменова; А.С.Жакипова, Д.Ж. Кемелхан, А.Т. Абдуллабекова т.б. өз тәжірибесінде қолданыста жүрген әдіс – тәсілдерін ғылыми тұрғыдан негіздеп, олардың тиімділігі мен өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.
Белсенді қатысқан қызметкерлерге сертификаттар табысталды.