«Тілдарын-2023» атты қалалық байқау

2023 жылдың 22 қараша күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында «Тілдарын-2023» атты қалалық байқауы өткізілді.
Байқауға ОҚМА атынан медицина факультетінің 1 курс ВМ-МА-01-23 тобы студенті Исакова Аяна Ергешқызы мен 2 курс ВМ-МАА-11-22 тобының студенті Молданов Бақдәулет Бекалыұлы қатысты.
Аса тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Молданов Бақдәулет Бекалыұлы, ІI орынды Исакова Аяна Ергешқызы иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

23.11.2023, 16:56
287 қаралым