«ТІЛ ҒҰМЫРЫ – ҰЛТ ҒҰМЫРЫ»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, 2021 жылдың 24 қыркүйек күні №2 ғимараттың № 210 дәрісханасында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы мен Кітапханалық-ақпараттық орталығының №2 оқу залының ұйымдастырумен «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры» атты салтанатты іс шара өтті. Аталған іс шараны Медицина коледжінің директоры А.М. Кушкарова ашып беріп, ұжымдастар мен студенттерді қазақ тілін дамытуға, деңгейін көтеруге шақырды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған шараның басты мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана – сезімі мол, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту. Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы.

Іс-шараға колледждің 1 курс және 2 курс білім алушылары қатысты. Білім алушылардың қысқаша бейне роликтерін тамашалап, тілі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, күй тартылып ән айтылды. Кітапханашы Е. А. Қуанышбекова кітап көрмесімен таныстырды. Қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

29.09.2021, 21:11
548 қаралым