«Терапия бакалавриат» кафедрасындағы ашық дәріс

2016 жылдың 11 ақпанында «Терапия бакалавриат» кафедрасында профессор м.а. Ж.Ә. Қауызбайдың 2 курс студенттері 203 ОЗР топтарында «Қоғамдық денсаулық» мамандығына арналған «Клиникалық медицинаға кіріспе» пәні «Артериалды гипертензия» тақырыбы бойынша ашық мәселелі дәрісі өтті.  

712 1

Ашық дәріске «Терапия бакалавриат» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор  Бекмурзаева Э.К. және кафедра оқытушылары мен магистранттарыстратегиялық жоспарлау және сапа менеджменті жүйесі бөлімінің басшысы Торланова Б.О., ОӘО басшысы Ибрагимова А.Г., ОӘО мүшелері: фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Керимбаева З.А., акушерство және гинекология курсының меңгерушісі Акбердиева Г.О., фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасының доценті Пернебекова Р.К., балалар хирургиясы курсымен педиатрия кафедрасының ассистенті Умарова А.Н.

712 2 

 712 3

Дәріс интербелсенді түрде жүргізілді және артериалды гипертензия мәселесі мен сұрақтарын қою бойынша басталды.  Қойылған мәселелі сұрақтардың дайын шешуші үлгісі жоқ болғандықтан, студенттер арасында пікір-таластарды талап етті.  Артериалды гипертензияның таралуы мен өсуі, адамдарда артериалды гипертензиямен ауырамын деген ойдың жоқ болуына, өлшеуші құралдардың қолжетімді болғанымен оның әлсіз диагностикасы, госпиталға дейінгі кезеңде нәтижелі диагностикалық әдістер, қауіп факторлары мен алдын алу әдістеріне аса назар аударылды.  

712 4 

Дәріс барысында артериалды гипертензия мәселесін түсіну және оны шешуге ой жұмысын бастауға керекті студенттердің білімдерін өзектеу үшін ақпаратты сұрақтар қойылды.

Дәріс үстінде оқытушы мәселелі және ақпаратты сұрақтарды біріктіре отырып, әр студенттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды дамытуға тырысты.   Барлық сұрақтар мен жауаптар денсаулық сақтаудың компетенцияларымен тікелей байланысты болды.

712 6 

Дәріс артериалды қан қысымын өлшеуге арналған құралдармен таныстыру мен оларды көрнекі визуализациямен жүргізілді. Дәріс барысында оқытушының жоғары эмоциялық фонында студенттер қойылған мәселені шешуге арналған топтық және жеке ізденісте белсенді қатысты.

Дәріс тесттілік сұрақтарға дәстүрлі емес жауаптар түрінде кері байланысты зерттеумен аяқталды.

712 7

712 8

712 9

712 10

16.02.2016, 06:03
453 қаралым