«Теория мен тәжірибе интеграциясы – білім беру үдерісінің тиімді кепілі» атты конференция

2019 ж. 11 қазанда «Фармакогнозия» кафедрасында ОҚМА-ның 40-жылдық мерейтойына арналған конференция аясында 2018-2019 оқу жылында 4 курс студенттері өткен өндірістік практика нәтижесі бойынша конференция ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараға кафедраның профессор - оқытушы құрамы және қонақтар: фарм.ғ.д., профессор Н.Кудашкина (Ресей), фарм.ғ.к. Саякова Г.М. (Қазақстан), фарм.ғ.к. Парманова Н.Т., фарм.ғ.к. Ходжаева М.А., Рһd докторы Халилова Ш.Р. (Өзбекстан), 4ші және 5-ші курс студенттері қатысты

Конференция барысында жақын шет елдің және ОҚМА әр түрлі базаларында өткен студенттердің өндірістік практика нәтижесі қорытындыланды. Студенттер әр түрлі базаларда өткен практика есебін баяндады: ПМФИ (Пятигорск қ.) - Исматуллаева С., БГМУ (Уфа қ.) - Таштемирова Ф., ТашФармИ (Ташкент қ.) - Бабажанова Д., ЮКМА (Шымкент қ.)- Бекзат А.

1444 1

1444 2

Студенттер практика барысында алған тәжірибелерімен, әсерлерімен, бөлісті, сонымен бірге академияда алған теориялық білімдері дәрілік өсімдіктерді тану, шикізатты жинау бойынша және т.б. тапсырмаларды орындауда пайдалы болғанын атады.

Сонымен қатар өндірістік практиканы ұйымдастыру мәселесі талқыланды және практиканы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалынды. Практика базасын жақсарту сұрақтары қарастырылды.

Келген қонақтар студенттердің өздерін сауатты маман ретінде және практикада өздерінің білімдері мен дағдыларын көрсете білгенін атады.

Конференция соңында өндірістік практиканың тиімділігін арттыру және «Фармация» мамандығына бірлескен оқу бағдарламасын түзу жөнінде ұсыныстар жасалынды.

24.10.2019, 04:13
293 қаралым