Темір тапшылықты анемиясы
Темір тапшылығы анемиясы педиатрияның өте маңызды мәселесі, ол медициналық, сонымен қатар әлеуметтік сипатқа ие. Бұл балалар арасында қаназдықтың кең таралуына, сондай-ақ олардың денсаулығына кері әсер етуіне байланысты. Біздің елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың 60% -дан астамы және мектеп оқушыларының үштен бір бөлігі Темір тапшылығы анемиясымен ауырады.
Осыған байланысты ОҚМА Педиатрия-2 кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы кафедра меңгерушісі Г.Бектенованың және ассистент Г.О. Агабекованың жетекшілігімен Облыстық балалар ауруханасының онкематология бөлімшесінде, ата-аналар арасында балалар жасындағы ауруларды саралап жүргізу бойынша «Балалардағы темір тапшылығы анемиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге ОҚМА-ның ОМО басшысының орынбасары Халикова Р.О., онкогематология бөлімінің дәрігерлері және 715 ІПҚ тобының педиатр-интерн-дәрігерлері қатысты. Ата-аналарға тақырып бойынша брошюралар таратылды.