Театр – тәрбие бесігі

Театр - халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке, рухани құндылыққа тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Театр өнері қоғамның тіршілікке деген ынта - ықыласын арттырумен қатар, достық сезімін де күшейте түсуге әсер етеді. Сонымен қатар, Театр - мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір екені даусыз. Өркениетке, дамыған елдердің қатарына ұмтылған еліміз үшін – халықтың ең алдымен рухы биік, мәдениетті болуы, соған қатысты мәселеде, әсіресе өнер арқылы рухани серпіліс тудыратын театр туралы сауатты болғаны аса қажет. Осыған орай, 31 қаңтар 2023 жыл «Гигиена және эпидемиология» кафедрасы, сонымен қатар, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Жалпы медицина», «Стоматология» білім беру бағдарламасының білім алушылары, Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театры «Атжалман ғасыр» тарихи қойылымын тегін тамашалауға шақырту алды. Қойылым, қазақ театр өнерінің негізін қалаушы Жұмат Шаниннің және XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ интеллегенциясының басына төнген саяси қасіретті баяндайды. Қойылымды тамашалаған білім алушылар ерекше әсер алғанын айтып, алғыс білдірді.

05.02.2024, 14:35
536 қаралым